Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2019 жылғы 10 шілдеде сағат 10.00-де өтеді, мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 66, мәжіліс залы, 8 қабат. Read more

Қостанай облыстық мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына 2019 жылдың 28 мамырында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2361740 жарияланған.

 

Қостанай облысының қоғамдық кеңесі 2019-2021 жылдарға арналған Қостанай облысының облыстық бюджетін нақтылау бойынша құқықтық актіні қарау мәселесі бойынша  қоғамдық тыңдаулар 2019 жылғы 10 шілдеде  09-00-сағатта облстық мәслихат ғимаратында,  4-қабатта өтетінін хабарлайды.

Анықтамалар  тел: 8 (7142)575601

 

2019 жылғы 14 маусымда Қарабалық ауданында Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі және жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының жоспарлы көшпелі отырысы өтті. Отырыста «Қарабалық ауданында Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі шаралар туралы» мәселе қаралды. Read more

2019 жылғы 11 ақпанда Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының отырысы өтті.  Оның құрамына Қазақстанның екі Еңбек Ері – Сайран Бұқанов пен Борис Князев, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы , Қостанай облысының Құрметті азаматы Кенжебек Укин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Игорь Ким, сондай – ақ үкіметтік емес сектордың өкілдері, саяси партиялардың облыстық филиалдарының көшбасшылары, кәсіподақ белсенділері, мемлекеттік қызметтің ардагерлері, ғалымдар-барлығы 25 адам, оның ішінде 8 әйел кірді.  Кеңес төрағасы болып мемлекеттік қызмет ардагері, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Азамат Тұрсынов сайланды. Read more

Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 22 ақпандағы  отырысының хаттамасына сәйкес қоғамдық тыңдаудың келесі тақырыптары анықталды: Read more

Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс  сессиясы 2019 жылғы 17 маусымда сағат 15.00-де мына мекенжайда: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 85-үйдің, 4-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

Бүгін 2019 жылғы 17 маусымда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Қазыбекұлы Қасенов қатысты. Сессия облыстық мәслихаттың хатшысы С. Е. Ещановтың төрағалық етуімен өтті. Сессияның негізгі мәселесі: «Қостанай облысының әкімін тағайындауға келісім беру туралы».

Қазақстан Республикасы Президентінің Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісу туралы ұсынысымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Б. Қ. Қасенов сөз сөйледі.

Депутаттар бірауыздан «жақтап» дауыс берді. Сессия шешімімен Қостанай облысының әкімі болып  Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы  сайланды.

Қостанай облысы мәслихатының «Қостанай облысында жерлеудің және зираттардыкүтіп-ұстау істерін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы»  шешім  жобасы 2019 жылы 6  маусымда ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында жарияланған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2366433

Бұл баспасөз релизі Қостанай облысы мәслихатының ресми интернет-ресурсында https://maslikhat.kostanay.gov.kz/ru/home/ «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ сайтында орналастырылған http://energy.kostanay.gov.kz/ және facebook қоғамдық сайтында орналастырылған https://www.facebook.com.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау істерін ұйымдастырудың қағидалары бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                                                  

                                                                          

Қостанай облыстық мәслихат хатшысы           

косымша