Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен  тыс сессиясы 2019 жылғы 14 маусымда сағат 10.00 мына мекен-жайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66, 4-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

 

Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы күн тәртібінің жобасы

  1. Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы.
  2. Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы.
  3. Облыстық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
  4. Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамоталарымен наградтау туралы.