Бүгін 2019 жылғы 17 маусымда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Қазыбекұлы Қасенов қатысты. Сессия облыстық мәслихаттың хатшысы С. Е. Ещановтың төрағалық етуімен өтті. Сессияның негізгі мәселесі: «Қостанай облысының әкімін тағайындауға келісім беру туралы».

Қазақстан Республикасы Президентінің Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісу туралы ұсынысымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Б. Қ. Қасенов сөз сөйледі.

Депутаттар бірауыздан «жақтап» дауыс берді. Сессия шешімімен Қостанай облысының әкімі болып  Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы  сайланды.