2019 жылғы 14 маусымда Қарабалық ауданында Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі және жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының жоспарлы көшпелі отырысы өтті. Отырыста «Қарабалық ауданында Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі шаралар туралы» мәселе қаралды. Read more