Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезектен сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысында мемлекеттік қызмет саласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы) 2019 жылғы 14 тамызда сағат 10.00 мына мекен-жайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66, 8 -қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

 

Қостанай облыстық мәслихатының кезектен сессиясы күн тәртібінің жобасы

  1. Қостанай облысында мемлекеттік қызметтер саласындағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы.
  2. «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 392 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезекті ХV сессиясы төрайымының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.
  4. Қостанай облыстық мәслихатының кезекті ХVІ сессиясының күн тәртібі және оның төрағасын сайлау туралы.

2019 жылғы 07 тамызда Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және жергілікті басқару және өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі және білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібі: «Қостанай облысында мемлекеттік қызметтер саласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы».

Анықтама телефондары: 575600, 575603.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» шешіміне (2017 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендер аумақтарының жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларында:

3-тармақта:

2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«2) ағаштарды кесу – Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заң) 2 – қосымшаның 159 – тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

«27) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс.»;

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын::

«11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргiзуге бөлiнетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.»;

2-параграфтың  тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«2-параграф. Ағаштарды кесу,  санитариялық кесу»;

20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«20. Ағаштарды кесу мынадай:

1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;

2) инженерлік абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;

3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;

4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі;

5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитарлық кесу жағдайларда жүзеге асырылады;

6) ағаштар мен бұталаржалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде.»;

22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«22. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.».

25-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«25. Ағаштарды кесу  кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда, Рұқсаттар туралы Заңына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте жасыл екпелерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскелерге қайта отырғызылады.»;

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру қағидаларында:

35-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«35. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй аймақтары мемлекеттік санитариялық нормативтеріне сәйкес қоқыс контейнерлеріне, кір кептіретін, балалар демалатын, ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
     

      Сессия төрайымы

 

 
      Қостанай облыстық мәслихатының  

      хатшысы

 

 

2019 жылғы 17 шілдеде Қостанай облыстық мәслихатының депутаты А. І. Дощанованың төрағалық етуімен алтыншы шақырылған Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті, депутаттар облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебін тыңдады.

Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Б. Қ. Қасенов қатысты. облыстық мәслихаттың депутаттары, облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың, Облыстың Қоғамдық Кеңесінің, Ардагерлер кеңесінің басшылары, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Өз баяндамасында А. Б. Мұхамбетов облыс бойынша 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда экономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалатынын атап өтті. Мысалы, ауыл шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 79,8 млрд.теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 102,6% құрады.

Ірі қара мал басы 3,6%, қой – 4,0%, ешкі – 3,8%, жылқы – 7,4% артты.

Ет – 56,1 мың тонна (2,0% – ға өсті), сиыр сүті – 270,6 мың тонна (3,0% – ға өсті), тауық жұмыртқасы-330,1 млн.дана (3,0% – ға өсті) өндірілді.

Құрылыс саласында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 39,5 млрд. теңгені құрады, 2018 жылғы қаңтар-маусымда 2,9% – ға жоғары.

Барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы алаңы 169,6 мың шаршы метр тұрғын үй ғимараттары пайдалануға берілді немесе 2018 жылғы қаңтар-маусымға 115,2%.

Республикалық бюджет 45,9 млрд.теңге сомасында немесе болжамға 120,6% орындалды (2018 жылғы қаңтар-маусымға 106,6%).

Сессия отырысы барысында депутаттар сумен қамтамасыз ету, мектепті салу және жөндеуге қатысты сұрақтар қойды.  Облыс әкімі тиісті мемлекеттік органдарға толық жауаптар мен тапсырмалар берді.

 

 

 

2019 жылғы 10 шілдеде облыстық мәслихаттың хатшысы С. Е. Ещановтың төрағалығымен алтыншы шақырылған Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Read more

Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс  сессиясы 2019 жылғы 17 шілдеде сағат 10.00 мына мекен-жайда: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 85-үйдің, 4-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

Сессиянын күн тәртібі – Қостанай облысы әкімінің оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы есебі

Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен  тыс сессиясы 2019 жылғы 10 шілдеде сағат 10.00 мына мекен-жайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66, 8-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

 

Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы күн тәртібінің жобасы

  1. Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №347 «Қостанай облысының 2019 – 2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Қостанай облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
  3. Мәслихаттың 2015 жылғы 14 қазандағы №455 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 239 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы Қостанай облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. «Қостанай облысының үдемелі индустриялық дамуы жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

«Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 3-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Сыртқы (көрнекі) жарнаманы Қостанай облысының елді мекендеріндегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

 

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы

Приложение к маслихату каз.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының              4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 14 маусымдағы қорытындысы негізінде,  Ұзынкөл ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынысы бойынша Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Россия ауылдық округі Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Обаған ауылдық округі болып қайта аталсын.
  2. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Суворов ауылдық округі Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Сатай ауылдық округі болып қайта аталсын.
  3. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Суворов ауылдық округінің Суворово ауылы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылдық округінің Сатай ауылы болып қайта аталсын.
  4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облысы әкімі                                           

 

         Қостанай облыстық

         мәслихаты сессияның төрайымы       

 

         Қостанай облыстық

         мәслихатының хатшысы  

Қостанай облысы әкімдігі және Қостанай облыстық мәслихатының бірлескен «Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының кейбір әкімшілік- аумақтық бірлігін қайта атау туралы» қаулы жобасы   2019 жылы 2 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында  жарияланған  https:// legalacts.egov.kz/npa/view?id=2378721.

Бұл жоба Қостанай облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында http://kostanay.gov.kz/npa/proekt-npa/, Қостанай облыстық  мәслихат  сайтында http://maslikhat.kz орналастырылған.