«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» шешіміне (2017 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендер аумақтарының жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларында:

3-тармақта:

2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«2) ағаштарды кесу – Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заң) 2 – қосымшаның 159 – тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

«27) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс.»;

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын::

«11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргiзуге бөлiнетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.»;

2-параграфтың  тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«2-параграф. Ағаштарды кесу,  санитариялық кесу»;

20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«20. Ағаштарды кесу мынадай:

1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;

2) инженерлік абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;

3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;

4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі;

5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитарлық кесу жағдайларда жүзеге асырылады;

6) ағаштар мен бұталаржалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде.»;

22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«22. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.».

25-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«25. Ағаштарды кесу  кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда, Рұқсаттар туралы Заңына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте жасыл екпелерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскелерге қайта отырғызылады.»;

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру қағидаларында:

35-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«35. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй аймақтары мемлекеттік санитариялық нормативтеріне сәйкес қоқыс контейнерлеріне, кір кептіретін, балалар демалатын, ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
     

      Сессия төрайымы

 

 
      Қостанай облыстық мәслихатының  

      хатшысы