«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі  аппаратының басшысы (D-1 санаты) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты өткізудің қорытындысы

Ұсынылған құжаттардың, кандидатпен өткізілген әңгімелесу негізінде  және дауыс беру қорытындылары бойынша конкурстық  комиссия  ШЕШТІ:

  • «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі аппаратының басшысы (D-1 санаты) лауазымына Төлегенова Қарлығаш Қонысбайқызы қабылдансын.
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне осы хаттаманың үзінді көшірмесі ұсынылсын.

Конкурстық комиссияның хатшысы                                      Қ. Құрманғалиева

 

2019 жылғы 13 тамыз

Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін атау және қайта атау  туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы  8  желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының         4-1) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы    Республикалық    ономастика       комиссиясының 2019 жылғы 9 тамыздағы қорытындысы   негізінде   Қостанай облысының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай қаласының атауы жоқ көшесіне Дмитрий Герасимовтың есімі берілсін.

2.Қостанай қаласының Юрий Гагарин көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта аталсын.

  1. Қостанай қаласының Гвардейская көшесі Юрий Гагарин көшесі деп қайта аталсын.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облысының әкімі                                                А. Мұхамбетов       

 

Қостанай облыстық мәслихаты                                        

сессиясының төрағасы                                                        

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                     С. Ещанов

Қостанай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысының және Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін атау және қайта атау  туралы» шешімінің жобасы 2019 жылы 13 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-орталында  жарияланған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2366498