2019 жылғы 4 қыркүйекте О.В. Даниленконың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының экономика, ауылдық аумақтарды дамыту және аграрлық өндіріс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының  Федоров ауданына жоспарлы сапары өтті. Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары М. Ж. Ахметов, А. К. Сергеев, Ю. М. Малышко, Федоров ауданының әкімі Т. К. Исабаев, Федоров ауданы мәслихатының депутаттары, ауданның жергілікті атқарушы органдарының, прокуратура органдарының, ветеринарлық қызметтердің, кәсіпорындардың басшылары, аудан жұртшылығы, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Күн тәртібінде «Фе6дор ауданының даму бағдарламасын іске асыру туралы» мәселе қаралды.

Комиссия отырысының алдында депутаттар жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу нысандарын, Димитрова атындағы №1 орта мектепті аралады, салынып жатқан нысан – 24 пәтерлі үй. Экскурсия барысында Димитрова атындағы орта мектепте виртуалды кітапхана, робототехника кабинеті, мұражай бөлмесі ұсынылды. Балалар робототехника сыныбында бесінші сыныптан бастап айналыса бастайды, өйткені конструктор осы жастағы балаларға арналған. Бастауыш сынып оқушыларының дағдыларын дамыту үшін жабдықтар сатып алу туралы ойлар бар. Депутаттар мектепте оқушыларға сапалы білім алу үшін қажеттінің бәрі бар екенін атап өтті.

Салынып жатқан көппәтерлі үйді қараша айында тапсыру жоспарланып отыр. Бірінші кезекте пәтерлерге халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан отбасылар, соның ішінде жетім балалар мен көп балалы отбасылар ие болады,-деп атап өтті аудан әкімі.Жаңа үйлерді қарау кезінде депутаттар құрылыс нысанының сапасын және құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бас мердігер «Ақжан және біз» ЖШС директоры Р. Ж. Байменов жұмыс барысы туралы хабардар етті: бүгінгі күні ілмектеу жүйесін орнату және едендерді құюға дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Тұрақты комиссия отырысында атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Ш. К. Кенжалы есеп берді, ол аудан 2018 жылы Бағдарламаның нысаналы индикаторларын іске асыру бойынша өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсарғанын хабарлады. Есепті кезеңде аудан экономикасына негізгі капиталға инвестициялар 5 млрд.389 млн. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы деңгейден 116% жоғары. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 108,3% құрады.  Есепті кезеңде 209 жаңа жұмыс орны құрылды, жоспар бойынша 190 (110%), оның ішінде 166 тұрақты. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1224 адам немесе жоспардан 123% қамтылды. 890 адам жұмысқа орналастырылды. ЖТҚЖӨ  шеңберінде 77 адам шағын несие алды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.