«Қостанай облыстық мәслихатының  аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 66, 509-бөлме, анықтама телефоны: 8(7142)-575-600, 534-420 (факс), электронды мекенжайы: oblmaslihat@kostanayoblmaslihat.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында (негізгі қызметкердің 2019 жылғы 29 қыркүйекке дейін жүктілігі  және босануы бойынша демалыста болу кезеңінде) ішкі конкурс жариялайды:

«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық, құжаттамалық қамтамасыз ету және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, D-4 санаты, № 03-0-3-2, 1 бірлік лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 116623 теңгеден 157326 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Қостанай облыстық мәслихатының сессиясын  дайындау және өткізу жұмысына қатысады: сессия төрағасына, мәслихат хатшысына, облыс әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына, облыс прокурорына, департаменттердің және басқа да мемлекеттік органдардың басшыларына  құжаттары бар папка  қалыптастырады; сессиясының  аудио жазбасын жүргізеді.

Мәслихат  сессияларында сөз сөйлеу мәтіндерін жинауды қамтамасыз етеді.

Мәслихат шешімдерінің тіркеу журналын жүргізеді және олардың нөмірлерін қамтамасыз етеді.

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының қаулылар тіркеу журналын жүргізеді және олардың нөмірлерін қамтамасыз етеді.

Сессиялардың хаттамаларын және олардың қосымшаларын ресімдейді.

Мәслихат шешімдерін тарату көрсеткішін аппарат басшысымен жасайды және келіседі.

Тағайындау бойынша  мәслихат шешімдерін уақытында таратуды жүзеге асырады.

Мәслихаттың шығарылған шешімдерін және мәслихат хатшысының өкімдерін әділет органдарымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

Мәслихат аппаратында істер номенклатурасын құрады, номенклатурада белгіленген барлық істердің сәйкестігін бақылайды, жыл сайын аппараттың басшысына   оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Аяқталған өндірістік істерді есепке алу және сақтау бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес дайындау және оларды мұрағатқа тапсыру жұмысын ұйымдастырады.

Белгіленген тәртіппен сессия хаттамаларының үзінділерін және анықтамалар береді.

Сессия хаттамаларын сессия материалдарымен мұқабаға жібереді.                  Сессияда  шешімдер қабылдағаннан кейін  дайындауды және ресімдеуді жүзеге асырады.

Сессия материалдарын көбейту және таратуды жүзеге асырады.

Қостанай облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы қызметтерін ұйымдастыру және басқа да қамтамасыз етулерді жүзеге асырады.

Басшылықтың тапсырмасы бойынша БЭҚАЖ бірыңғай құжат айналымы жүйесінде құжаттаманы қабылдау және жөнелтуді жүргізеді.

Басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі: Жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, жаратылыстану ғылымдары, қызметтер.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің болуы: күйзеліске  төзімділік, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға бағдар беру және оны ақпараттандыру, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

Қазақстан Республикасының  Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  заңдарын, Қазақстан   Республикасы    Президентінің  2015 жылғы  29  желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары) білу, аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бектілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) негізінде өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, құжаттарын қолма-қол тәртіпте, электрондық почта oblmaslihat@kostanayoblmaslihat.gov.kz мекенжайына электронды түрде не болмаса «Е-gov» электронды Үкімет порталы және «Е-қызмет» ықпалдыстырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде – ішкі конкурсты өткізу жөніндегі соңғы хабарлама жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күнде тапсырады.

Құжаттарды электрондық түрде «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің электрондық поштасына ұсынған кезде олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын ұсынылады.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

2019 жылғы қыркүйек.

Қосымша

«Қостанай облыстық мәслихатының  аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 66, 509-бөлме, анықтама телефоны: 8(7142)-575-600, 534-420 (факс), электронды мекенжайы: oblmaslihat@kostanayoblmaslihat.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық, құжаттамалық қамтамасыз ету және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, D-4 санаты, № 03-0-3-3, 1 бірлік лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 116623 теңгеден 157326 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Қостанай облыстық мәслихатының сессиясын дайындау және өткізу жұмысына қатысады: депутаттардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуы мен тіркеуді қамтамасыз етеді, оларға қажетті құжаттарды, баспасөз хабарламасын береді; сессияда сөз сөйлеуге жазылғандардың тізімін дайындайды.

Басшылықтың тапсырмасы бойынша сессиялар шешімдерінің жобаларының дайындығын қамтамасыз етеді.

         Облыстық мәслихаттың жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы қызметтерін ұйымдастыру және басқа да қамтамасыз етулерді жүзеге асырады.

Жарты жылдық жалпы жинақтау үшін тұрақты комиссия мүшелерінің депутаттық қызметі туралы ақпарат дайындайды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде тоқсандық және жылдық есептер жинағын  және мәслихат хатшысының сессияда есеп беруі үшін өтініштермен жұмыс жөніндегі қорытынды ақпаратын дайындайды.

Азаматтардың өтініштерін уақытылы қаралуын қадағалауды бақылайды.

«ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы» ММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша есебін және салыстыру жүргізеді. Мәслихат сессияларының шешімдерін электрондық базаға және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді.

«Нұр-Отан» партиясының депутаттық фракциясы отырысын өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

Тұрақты  негізде үздіксіз жұмысты істеуін қамтамасыз етеді және БЭҚАЖ бірыңғай құжат айналымы жүйесінде құжаттаманы қабылдауды және жіберуді жүргізеді.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық және округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Мәслихат қалыптастырған сайлау комиссиялары мүшелерінің алмасушылық мәселелері бойынша есеп жүргізеді, мәслихат сессияларында сайлау комиссиясы мүшелерінің шыққандарының орнына сайлау ресімін қамтамасыз етеді.

Шешімдер жобаларының мәтіндерін және сессия қабылданған шешімдерінің мәтіндерін, сондай-ақ  басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де ақпараттарды мәслихаттың ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етеді.

Тоқсан сайын қалалық (аудандық) мәслихаттардың, әкімдіктердің, облыстық басқармалар мен ведомстволардың тізімдерін жаңартып отырады.

Басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындайды.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, жаратылыстану ғылымдары, қызметтер.