Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс  сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы) 2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 09.00 мына мекен-жайда: Қостанай қ., Әл-Фараби данңғылы., 66-үйдің, 8-қабатындағы мәжіліс залында өтеді».

  1. Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №347 «Қостанай облысының 2019 – 2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Қостанай облысында жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы.
  3. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы.
  4. Мәслихаттың 2014 жылғы 4 сәуірдегі №272 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Мәслихаттың 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 365 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі Сараптамалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі №176 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.