Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз!

Мемлекеттік қызмет – табысты мемлекеттің негізі және мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды элемент болып табылады. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, жанкештіліктеріңіз бен патриотизмдеріңіз біздің еліміздің жетістігі мен өркендеуінің кепілі болып табылады. Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық өзгеруі тап осы сіздердің қызметтеріңізге байланысты.

Жұмыстарыңыз және мемлекеттік қызметке адалдықтарыңыз үшін рахмет!

Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға мықты денсаулық, игілік және біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасының игілігі үшін барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін.

23.06.2020 ж. сағат 15-00-де кезектен тыс сессия өтеді. Сессия қашықтықтан режимінде өткізіледі. Күн тәртібінде келесі мәселелер:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары Е.А. Әбілдің және Е.С. Көппаевтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  2. Мәслихаттың 2015 жылғы 14 қазандағы № 455 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Мәслихаттың 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 272 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Ағымдағы жылғы 19 маусымда Қостанай облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы А.А. Аманжолова «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ қызметкерлері үшін құқықтық жалпы оқыту шеңберінде өңірлік деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша дәріс өткізді.

Күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты дәріс Zoom арқылы байланысты қолдана отырып қашықтықтан нысанында өткізілді.

template_kz пр 1_kz пр 2_kz пр 3_kz

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде 2020 жылғы 16 маусымда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ Әдеп жөніндегі уәкілі Қарлығаш Қонысбайқызы Төлегенованың азаматтарды онлайн-қабылдауы өтеді.

Қызықтыратын сұрақтар бойынша 8 714 2 575 601, Whasapp   8 705 544 93 83 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Ағымдағы жылғы 17 маусымда  Костанай қ. Қ.Қ. Г.А. Капенованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібі: «Рудный қаласында «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен сыйлықтар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы»

 

Анықтама үшін тел.: 8(7142) 391678, 8 7022536113

 17 июня текущего  года  в 11-00 часов в городе Костанай в дистанционном  режиме состоится заседание постоянной комиссии областного маслихата по вопросам работы с молодежью, неправительственными организациями и общественностью под председательством  Капеновой Г.А.

Повестка дня заседания:  «О реализации Закона РК от 12 апреля 2005 года «О государственном социальном заказе, грантах и премиях для неправительственных организаций в Республике Казахстан» в городе Рудном»

 

Тел. для справок: 8(7142) 391678, 8 7022536113

 

 

2020 жылдың 9 маусымында облыстық мәслихаттың депутаты             В.И. Семейкиннің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті (үзіліспен).

Сессия жұмысына Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы            С.Е. Ещанов, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Сессияда барлығы 5 мәселе қаралды. Сессия БКБ режимінде өтті.

Сессияда мына мәселелер қаралды: Қостанай облыстық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдарының құрамдарына   өзгерістер енгізу туралы.  Күн тәртібі бойынша – азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шара туралы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары А.Е. Мекебаева сөз сөйледі.

Баяндамада атап көрсетілгендей, 2010 жылдан бастап Қостанай облысының аумағында облыстық бюджет есебінен соғысқа қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдарға санаторий-курорттық емдеу түрінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. 2020 жылы 400 соғысқа қатысушы мен оларға теңестірілген адамдарға санаторий-курорттық емделуге облыстық бюджеттен 49,2 млн.теңге бөлінді.

Санаторий-курорттық емделуге жолдамалармен қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы бюджеттік бағдарлама әкімшісі Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жүзеге асырады.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін кеңейтуге қатысты мәселе бекітілді.

Депутаттар сессияға енгізілген барлық шешімдердің жобаларын бірауыздан қолдады.

 

Құрметті қостанайлықтар!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін мерекелеу күні. Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің тарихымызды, мәдениетімізді және дәстүрлерімізді бейнелейтін біздің республикамыздың мемлекеттілігі мен тәуелсіздігінің басты атрибуттары. Барлық қазақстандықтар үшін бұл мереке отаншылдық пен өз Отанына деген сүйіспеншіліктің көрінісі болып табылады.

Құрметті отандастар,

мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Осы жарқын мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!

Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2020 жылғы 09 маусымда БКБ режимінде өтеді. Күн тәртібінде келесі мәселелер:

  1. Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара туралы.
  2. Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.
  3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  4. Мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 356 «Қостанай облыстық сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі № 176 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Мәслихаттың 2018 жылғы 23 мамырдағы № 279 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Өткізілетін уақыты мен орны туралы ақпарат тел. 575603 бойынша