Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4259048

Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағы 12-14) тармақшасынажәне «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелді) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларының 3-тармағына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары бекітілсін
  2. Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары заңнамамен белгіленген тәртіпте Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының бекітуіне енгізілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                                                             А. Мұхамбетов

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Қостанай облысының ауылдық жерге және кенттергемөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге, Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларғамөлшері 1 000 000 (бір миллион) теңге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету көлемі айқындалсын.
  3. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы» 2019 жылғы 14 маусымдағы № 407 шешімінің (2019 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған,Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8544 болып тiркелген) күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                            

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ещанов

 

Қосымша

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін амбулаториялық емделу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қосымша:

дәрілік заттар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

бейімделген емдік өнімдер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес;

медициналық бұйымдар осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес берілсін.

  1. Осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                                

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ещанов

Қосымша

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікті жол жүру ұсынылсын.
  2. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының азаматтарына емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы» 2012 жылғы 19 шілдедегі № 61 (2012 жылғы 29 тамызда «Костанайские новости» газетінде № 120 жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3824 болып тiркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрайымы                                                             

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ещанов

Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезекті ХІХ  сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысы әкімінің оған жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі) 2020 жылғы 14 тамызда сағат 11.00-де өтеді. Карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты сессия қашықтықтан режимінде өтеді.

Кезекті сессия күн тәртібінің жобасы

  1. Қостанай облысы әкімінің оған жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
  2. Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезекті ХIХ сессиясы төрағасының  өзіне жүктелген функциялары мен өкілеттіктерін орындау туралы есебі.
  3. Қостанай облыстық мәслихатының кезекті ХХ сессиясының күн тәртібі және оның төрағасын сайлау туралы