Мәслихаттың 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 шешіміне (2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде      № 8827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 263 840 375,1 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 6 298 579,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 879 616,6 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 25 132,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша  – 256 637 047,5 мың теңге;

2) шығындар – 270 310 359,7 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 37 681 174,1 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер – 48 676 162,4 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 10 994 988,3 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  123 753,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 44 274 911,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –   44 274 911,7 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және  3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы,

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы                                              С. Ещанов

 

 

 

пр 1_kz пр 2_kz пр 3_kz