Құрметті  қостанайлықтар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Артқа қарап, біз өткен жылдың қорытындысын шығарып жатырмыз. Барша қазақстандықтар үшін қиын жыл болғанымен, бұл әрқайсымыз үшін қымбат болып қала бермек. Мемлекет басшысының жаңа сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге қарсы тұруға, азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған саясаты мен қолдауының арқасында экономикада жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында біз белгілі бір биіктерге жеттік. Мұнда қостанайлықтардың да айтарлықтай қосқан үлесі бар. Біздің аймақ қиындықтарды жеңе отырып, қол жеткізген барлық нәрсе – бұл біздің Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ жұмысымыздың нәтижесі.

Бізді алда үлкен істер күтіп тұр! Жаңа ауқымды жобаларды іске асыру міндеті тұр. Бұл өмірде мүмкін емес ештеңе жоқ екенін әр уақытта есте сақтауымыз қажет. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз ойлағанның барлығы міндетті түрде орындалады  деп сенемін.

Қымбатты қостанайлықтар! Келер жыл – баршамызға сәттілік және жақсы өзгерістер, қуаныш алып келсін, жақындарыңыздың жылуы мен қамқорына бөленіңіздер! Келер жылдағы табыс бұдан да елеулі, қиындықтар еңсеруге ыңғайлы, армандар асқақ болғай. Сіздерге денсаулық, бақыт, амандық тілеймін!

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                  С.Ещанов

 

 

 

 

 

 

 

Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 шешіміне (2020 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде      № 150176 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –  319 808 415,0 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша  –  2 973 480,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 2 019 037,0  мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 36 050,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша  – 314 779 848,0 мың теңге;

2) шығындар – 330 140 359,0 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 13 035 164,0 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер – 14 567 364,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 1 532 200,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 23 367 108,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  23 367 108,0 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қостанай облыстық мәслихаты

сессиясының төрағасы,

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ещанов

 

пр 1_kz пр 2_kz пр 3_kz

Қостанай облыстық мәслихатының «Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы 2020 жылдың 21 желтоқсанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=6035722 жарияланған.


 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-3) тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (2017 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елді мекендері аумақтарының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы

 

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы

Приложение каз Пояснительная каз Сравнительная таблица каз Пресс-релиз

«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ 2020 жылғы 23 желтоқсанда сағат 11.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихатының жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысы өтетіні туралы хабарлайды.

Күн тәртібінде сұрақтар:   «2020 жылы облыстық мәслихаттың жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарылынған жұмысы туралы».

Анықтама үшін тел: 8(7142)391678.

 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл өз елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімімен біріккен және Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық қазақстандықтардың мерекесі. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың дана басшылығымен Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған саясат жалғасын тапты. Осы жылдар ішінде еліміз қиын жолдан – жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолынан өтті. Бүгінгі күні Қазақстан болашаққа нық сеніммен қарайтын егемен мемлекет ретінде қалыптасты.

Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, табыс және Сіздерге және отбасыларыңызға амандық тілеймін! Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін!

 

 

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                    С. Ещанов

Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 558 шешімімен: Алдабергенов Қасымхан Алдабергенұлына; Артемук Максим Федоровичке; Баймағамбетова Бағила Бірмағамбетқызына; Жаңбыршинов Зейнолла Абайұлына; Шаяхмет Ақылбек Қожаұлына «Қостанай облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешімінің жобасы бойынша қоғамдық тыңдау үшін тақырып.

2020 жылғы 11 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаты           А.Ө. Байғабеловтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов, әкімнің орынбасары Е.М. Спанов, Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Қ.Қ. Жаманбалин, облыстық мәслихаттың депутаттары, аудандық(қалалық) мәслихаттардың хатшылары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Сессияда барлығы 7 мәселе қаралды.

Карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты сессия қашықтықтан өткізілді, облыстың аудандары мен қалаларында тұратын облыстық мәслихат депутаттары сессияға қашықтан қатысып, өздерінің сайлау округтерінің әкімдіктеріне бейне – конференц – байланыс режимінде қосылды.

Күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша: «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» және Қостанай облысы бойынша аумақтарды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Г.Ғ.Мұсағазинаның баяндамасы тыңдалды.

Айта кету керек, барлық мәселелер мәслихаттың бюджет, өнеркәсіп және шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы мен Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысында алдын ала қаралып, қолдау тапты.

Отырыс барысында депутаттар Г.А. Капенова, Н.А. Өтеулин және    И.Н. Дмитриева сұрақтар қойып, оларға жергілікті атқарушы органдар тиісті түсініктемелер берді.

Депутаттар сессияға енгізілген шешімдердің барлық жобаларын бірауыздан қолдады.

Очередная 20-я сессия Костанайского областного маслихата шестого созыва Онлайн трансляция 11 декабря 2020 года в 15.00 часов Read more