«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-6-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының 2017 жылғы 16 тамыздағы № 180 «Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7176 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:

3-тармақта:

3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»;

5) тармақта:

екінші және төртінші абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:

«қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын белгілеуге (алып тастауға);

қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға).»;

6 және 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.».
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                

                                                           

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                      С. Ещанов

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай облысының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы

 

_________________ Б. Аймағамбетов

2021 жылғы ___ қаңтар

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

_________________ Г. Әбенова

2021 жылғы ___ қаңтар

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі                               139-бабының 9-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгілеу туралы» 2016 жылғы 17 ақпандағы              № 502 шешіміне (2016 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6217 болып тіркеді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгілеу туралы»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi

Сессия төрағасы                                                      

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                              

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) басшысы

______________ З. Байменова

«Қостанай облысы әкімдігінің  денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы

__________________В. Дудник

«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысы

_________________Е. Қалмақов

«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы»  ММ басшысы

__________________А. Бегалин

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы

_________________ Г. Әбенова

«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы

_______________ Г. Мұсағазина