Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі отырысының 2021 жылғы         11 қаңтардағы хаттамасына сәйкес 2021 жылға арналған қоғамдық тыңдаулардың келесі тақырыптары мен мәселелер тізбесі анықталды:

  1. Қостанай облысындағы туақыттың ауысуы туралы.
  2. Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің «Қостанай облысының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы» есебі туралы (қоғамдық тыңдауларды өткізу 2021 жылғы 17 ақпанға жоспарланып отыр).
  3. «Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау (қоғамдық тыңдауларды нақтылаулардың енгізілуіне қарай өткізу).
  4. Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы (қоғамдық тыңдауларды өткізу 2021 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр).
  5. 2022 жылға арналған облыстық бюджет туралы (қоғамдық тыңдауларды өткізу 2021 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр).
  6. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары енгізілуіне қарай қаралады.

Қоғамдық тыңдауларға енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының барлық мәтіндері ашық нормативтік құқықтық актілердің ашық қолжетімділіктегі https://legalacts.egov.kz интернет-порталында орналастырылады (жарияланады).

Мүдделі жұртшылықтың ескертпелері және (немесе) ұсыныстары кері байланысы көрсетіле отырып 575601@mail.ru электрондық мекенжайында қабылданады.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу уақыты мен орны туралы мәліметтер қосымша орналастырылатын болады.

2021 жылғы 20 қаңтарда, БКБ режимінде Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібінің жобасында келесі мәселелер:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік көркемдік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы;
  3. Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 331 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамына өзгерістерді Қостанай облыстық мәслихатының сесииясына бекітуге енгізу туралы.

 

Анықтама үшін телефон: 87142575600, 575601.