Халықтың пікірін ескеру үшін Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарымен бірлесіп, «Қостанай облысының уақытын UTC+5 географиялық белдеуіне ауыстыру туралы» мәселе бойынша Қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу күні: 10 марта 2021 жылғы 10 наурыз.

Өткізілетін орны: ZOOM арқылы.

Өткізілетін уақыты: сағат 15.00.

Байланыс деректері: 575600, 575605, 575604.

(уақыты мен орыны нақтылануы мүмкін)

2021 жылғы 25 ақпанда  қоғамдық кеңес мүшелері «Қостанай облысындағы табиғи монополиялар субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарықтардың тарифтерін қалыптастырудағы жұртшылықтың рөлі туралы» тақырыбына отырыс өткізді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы А.Ташпановтың Департамент жұмысының негізгі бағыттары, оның ішінде тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметі туралы баяндамасы тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органға тарифтерді қалыптастырудағы жұртшылықтың рөлін күшейту бойынша ұсынымдар жолданды. Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына осы бағыттағы жұмыс жөнінен Департаментпен бірлескен іс-шаралар енгізілді.

2021 жылғы 2 наурызда сағат 15-00-де Қостанай қаласында ZOOM режимінде Б.А. Тибеевтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібі:

  1. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасын алдын ала қарау.
  2. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі ҚР Заңына мәслихаттың құзыретін өзгерту бөлігінде ұсыныстар.

 

Анықтама үшін тел.: 8(7142) 534420

2021 жылғы 25 ақпанда ZOOM режимінде жаңадан сайланған депутаттар үшін оқыту семинары өтті.

Оны өткізу үшін Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының өкілдері шақырылды.

Депутаттар облыс бюджетін қалыптастырудың негізгі кезеңдері, бюджет деңгейлері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, Тексеру комиссиясының қызметі және мәслихаттармен өзара іс-қимыл туралы білді.

Сондай-ақ, оларға «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мәслихат регламентінің кейбір ережелері түсіндірілді.

Оқыту барысында депутаттар осы бағыттағы білімдерін жүйелендірді.

 

«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 шешіміне (2018 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7518 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:

«

5 Троебратское – Қостанай (ауданаралық (қалааралық облысішілік))

».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, парламентаризм институтын нығайту – партия Көшбасшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев қойған міндеттер. Алайда, бұл процестер барлық деңгейдегі өкілді органдардың кәсібилігін арттырмай мүмкін емес. 2021 жылғы сайлау алғаш рет партиялық тізімдер бойынша өтті. Мәслихаттардың құрамы 65, Мәжілістің құрамы 70 процентке жаңартылды. Бір жағынан, өкілді органдарға әртүрлі кәсіби ортадан шыққан, жаңа тәжірибесі мен жұмысқа көзқарасы бар адамдар келді, бірақ олардың барлығы бірдей қоғамдық-саяси қызмет дағдыларын иемденбеген, өкілді саланың ерекшеліктерімен таныс емес. Барлық «жаңа»  депутаттар бүгінде тәлімгерлік, әдістемелік қолдауды қажет етеді. Бірақ бұл әсіресе жастарға қатысты. Қостанай облысының мәслихаттарында 35 жасқа дейінгі 60 жас депутат бар, олар «Nur Otan» партиясының мүшелері, бұл депутаттардың жалпы санының 13 процентін құрайды.

Жоба жетекшісі, «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Смышляеваның айтуынша, бірлескен жұмыстың мақсаты – 2021 жылғы сайлау қорытындылары бойынша партиялық тізімдерге енген жас депутаттар мен резервшілердің кәсіби деңгейін арттыру, халық мүддесі үшін басқарушылық, мониторингтік және заң шығарушылық қызметі шеңберінде өкілді биліктің барлық деңгейлерінің өзара іс-қимылын нығайту, партияішілік тәлімгерлік және тәлімгерлік дәстүрді дамыту болып табылады. Біздің облыс жобаны іске асыру бойынша пилоттық өңір болып табылады, ол депутаттардың бірлескен жұмысқа қатысуы мен тартылуын қоспағанда, ресурстарды талап етпейді. Бірінші кездесу мен жоспарларды талқылау ZOOM алаңында қашықтықтан форматта өтті. Алдағы жұмада виртуалды лекторий жұмысын бастайды, пікір алмасу және жедел мәселелерді шешу үшін алаң ашылған.

 

Бүгін «Қоғамдық бақылау туралы» ҚР заң жобасын талқылау және ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыс Қоғамдық кеңес мүшесі Татьяна Искандированың төрайымдылығымен өтті. Талқылау барысында отырысқа қатысушылар өздерінің ұсыныстарын білдірді. Мәселен,  Татьяна Искандирова білім беру саласындағы қоғамдық бақылаудың маңыздылығына назар аударды. Динара Өтебаева қаражатты жұмсау тиімділігі және мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарт талаптарын орындау сапасы бойынша қоғамдық бақылау мәселелерін қозғады.

Отырысқа қатысушылардың барлығы дерлік Алпысбай Әлімбаевтың қоғамдық бақылаудың кейбір нысандарын мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыру туралы жеке баппен толықтыру қажеттігі туралы пікірін қолдады. Айтылған ұсыныстар мен талқылаулардың қорытындысына Сергей Жалыбин түсініктеме берді. Сондай-ақ оларға қоғамдық бақылау рәсімі бойынша жеке тәртіппен толықтырулар ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданды.

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 шешіміне (2020 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде      № 9650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –  320 014 923,1 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша  –  3 173 480,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 2 018 643,5  мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 36 050,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша  – 314 786 749,6 мың теңге;

2) шығындар – 332 276 392,0 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 12 975 213,6 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер – 14 577 364,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 1 602 150,4 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  285 343,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 25 522 025,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  25 522 025,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1,2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және  3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

пр 1_kz

пр 2_kz

пр 3_kz

Бүгін облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов бейнеконференция байланысы режимінде облыстың Қоғамдық кеңесінің алдында облыстың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп берді.

Өз сөзінде А. Мұхамбетов облыстың негізгі даму салалары туралы хабардар етті: өнеркәсіп өндірісі, өңдеу саласы, ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары мен тұрғын үйді іске қосудағы барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсімді атап өтті.

Ол коронавирустық пандемиямен байланысты жағдай туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, қиындықтарға қарамастан жағдайдың тұрақты болып қала беретіндігін атап өтті.

Ағымдағы жылғы маңызды міндеттердің ішінде облыс әкімі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің сапасын арттыру, жаңа инвестициялар тарту және облыс экономикасын дамытудың тұрақты динамикасын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті жандандыру бойынша әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын атап көрсетті.

Негізгі күш-жігер жұмыс орындарын сақтауға, өзін-өзі жұмыспен қамтуды ынталандыруға және осал топтарды қолдауға бағытталатынын айрықша атады.

 

2021 жылғы 11 ақпанда облыстық мәслихаттың депутаты Г.А. Капенованың төрайымдылығымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Е. Ещанов, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары мен мүшелері, облыстық мәслихат аппаратының өкілдері, мемлекеттік органдардың өкілдері (шешім жобаларын әзірлеушілер) және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.

Отырыста барлығы 6 мәселе қаралды. Отырыс Zoom режимінде өтті.

Отырыста сессияның бекітуіне енгізілген шешімдердің жобалары алдын ала қаралды: мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы. Осы мәселе бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы О. Ж. Нұрғалиев баяндама жасады;

мәслихаттың 2016 жылғы 17 ақпандағы № 502 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін мамандар лауазымдарының тізбесіне өзгерістерді келісу туралы. Аталған жобалар бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Г.Ғ. Мұсағазина сөз сөйледі;

Облыстық мәслихат депутаттары Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мәселелері бойынша депутаттық тобын ұйымдастыру туралы жобаларды, 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын және Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының құрылымындағы өзгерістерді талқылады.

Депутаттар сессияға енгізілген шешімдердің барлық жобаларын бірауыздан қолдады.