2021 жылғы 30 наурызда Б.А. Тибеевтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының «Федоров ауданында «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу туралы» жоспарлы мәселені қарау жөніндегі отырысы өтті.
Комиссия жұмысына комиссия төрағасы Тибеев Б.А, облыстық мәслихат депутаттары: Жанбыршина К.С., Ихтиляпов М.У., Корчинский А.В., Муканов А.К., Нурхожаев Е.С.,, Федоров ауданы әкімінің орынбасары Сартов А.М., Федоров ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, Қостанай облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Таңжарықов Б.Қ. және Қостанай облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Кенжалы Ш.Қ., сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Тұрақты комиссияның отырысына барлығы 26 адам қатысты.
Отырыста баяндамашылардың ақпараттары тыңдалды. Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша Федоров ауданы әкімдігінің «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша оң жұмысын атап өтілді.
Депутаттар тиісті ұсынымдарымен қаулы шығарды.

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаты   Н.А. Утеулиннің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезекті II сессиясы өтті.

Сессия күн тәртібінің негізгі тақырыбы «Іске асырылатын мемлекеттік бағдарламаларға жастардың қатысуы туралы және Қостанай облысында жастар үшін тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу бойынша пәрменді тетіктерді әзірлеу туралы» жоспарлы мәселе болды.

Бүгінгі таңда тұрғын үй мәселелері жастар үшін айрықша өзекті. Осыған байланысты, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Жұрқабаев жастар мен жас отбасыларға тұрғын үй сертификаттарын өтеусіз негізде беру бойынша өңірлік бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Осы ұсынысты мәслихат депутаттары белсенді түрде қолдады, оның үстіне осындай бағдарламалар Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ сессия шеңберінде Қостанай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы мәслихат шешімінің жобасы бекітілді. Мәселен, біздің облыста денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, мәдениет, тау-кен өнеркәсібі және спорт саласындағы мамандар тұрғын үй сертификаттарына үміткер бола алады.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін айқындау мәселесі бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы          О.Ж. Нұрғалиев сөз сөйледі. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне Троебрат – Қостанай (ауданаралық (қалааралық, облысішілік) бағыты енгізілді.

Айта кету керек, барлық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында егжей-тегжейлі қаралды, онда облыс әкімдігі салалық басқармаларының баяндамалары тыңдалды.

Депутаттар ұсынылған барлық жобаларды бірауыздан қолдады.

2021 жылғы 31 наурызда сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының ауылдық аумақтарды және аграрлық өндірісті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

Төрағаның орынбасары: Амантаев Ж.Е.

Күн тәртібіндегі мәселе: «Ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілеттілікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде өңірде органикалық өнім өндірісін ұйымдастыру туралы».

Анықтама үшін телефон: 575604

2021 жылғы 25 наурызда сағат 17.00-де Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің ZOOM режимінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар және мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігін күшейту туралы» тақырыбында отырысы өтті.

Отырыс Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі  Көшкімбаева Зора Сексембайқызының төрайымдылығымен, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қоғамдық кеңестің отырысында Костанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысының, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметке кір келтіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтар жасалған: «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіліне «Qostanai – Adaldyq alany» жобалық кеңсесімен бірлесіп ұсынымдар әзірлеуге, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге ұсыныс жасады.

Бүгін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Жұрқабаев жастардың проблемалық мәселелерінің бірі – тұрғын үй сатып алу туралы айтты.

Проблемалық мәселенің шешімі ретінде басқарма басшысы жастар мен жас отбасыларға тұрғын үй сертификаттарын өтеусіз негізде беру жөніндегі өңірлік бағдарлама әзірлеуді ұсынды.

Бүгінгі таңда осындай жұмыс тәжірибесі Алматы қаласында «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Сондай-ақ,  Нұр-Сұлтан қаласында «Elorda Zhastary» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасын енгізу жоспарлануда.

Депутаттар бұл ұсынысты қолдады және мәслихат сессиясының қарауына енгізді.

2021 жылғы 30 наурызда сағат 15.00-де облыстық мәслихаттың бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Тұрақты комиссияның төрағасы Б.А. Тибеевтің төрағалық етуімен отырыста «Федоров ауданында «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы» жоспарлы мәселе қаралатын болады.
Отырыс ZOOM режимінде өтеді.

Анықтама үшін телефон: 534-420

 

Қостанай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысының және Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» шешімінің жобасы 2021 жылы                19 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілерінің https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6789&type=2                     интернет-порталында жарияланған, Қостанай облысы әкімдігінің https://beta.egov.kz/memleket/entities/kostanay?lang=ru Қостанай облыстық мәслихатының https://maslikhat.kostanay.gov.kz/ru/home ресми интернет- ресурстарында және Қостанай облысы әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі https://www.instagram.com/p/CMmlrjHgWgK/?igshid=tl8udtbkoymb парақшасында орналастырылған.

реш и пост каз

2021 жылғы 26 наурызда сағат 15.00-де облыстық мәслихаттың бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Тұрақты комиссияның төрағасы Б.А. Тибеевтің төрағалық етуімен отырыста «Федоров ауданында «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы» жоспарлы мәселе қаралатын болады.
Отырыс ZOOM режимінде өтеді.

Анықтама үшін телефон: 534-420

 

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Бүгінде Наурыз жаңа мәнге ие бола түсуде. Ол Қазақстанда тұратын барлық халықты ұлтына және дініне қарамастан біріктіретін мерекеге айналды. Оның адамдар арасындағы достықты нығайтудағы, дәстүрлерді жаңартудағы рөлі зор. Көктемнің өзімен бірге ала келген жылуымен және үмітімен бірге, күн мен түннің көктемгі  теңесуі біздің өмірімізге рухани жаңару, тұрмыстық қуаныш әкеледі, біздің жанымызды жылулық пен нұрға толтырады.

Жарқын Наурыз мейрамында сіздердің барлық армандарыңыз орындалып, барлық үміттеріңіз ақталсын! Сіздерге және жақындарыңызға бейбітшілік, береке, қуаныш, барлық жетістіктер тілейміз!

Құрметпен,

Қостанай облыстық   мәслихатының хатшысы                                                        С. Ещанов

 

Қазақстанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына құрметіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылатын «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталғаны белгілі.

Президент атаулы күн аясында ұйымдастырылған әрбір іс-шара нақты істермен байланысты болуы және елге пайда әкелуі тиіс екенін, ал әрбір отандасымыз өзінің күнделікті өмірінде Тәуелсіздіктің жетістіктерін сезінуі тиіс екенін атап өтті.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары одан шет қалған жоқ және «Қостанай облысының Параолимпиадалық спорт түрлері федерациясы» ҚБ-ға паранаүстелдік теннис спортшыларына кәсіби форма алуға қаржылай көмек көрсете отырып, игі істердің жалпыұлттық акциясына өз үлестерін қосты.