5 наурызда облыстық мәслихаттың депутаты Гульмира Капенованың төрайымдылығымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Депутаттардың қарауына Қостанай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы мәслихат шешімінің жобасы ұсынылды.

Тұрғын үй мәселелері тақырыбы бүгінгі күні өзекті болып қалуда және жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдардың едәуір бөлігін құрайды. Сондықтан бұл мәселені депутаттар белсенді түрде талқылады. Жобаны әзірлеушілер барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Мәселен, облыстық құрылыс, сәулет, қала құрылысы басқармасының басшысы Б.Таңжарықов қандай шарттармен және халықтың қай санаттарына тұрғын үй сертификаттары берілетінін түсіндірді.

Сонымен қатар, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А. Хұсайынова санаттар тізбесі белгілі бір салалардағы мамандарға деген қажеттілікпен де айқындалатынын атап өтті. Мысалы, біздің облыста сұранысқа ие мамандарға қажеттілік 809 бірлікті құрады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, мәдениет, тау-кен салалары және спорт.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ 12.03.2021 ж. КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

 

2021 жылғы 12 наурызда, сағат 11: 30-да ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібі жобасында келесі мәселелер:

  1. Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  2. Мәслихаттың 2016 жылғы 17 ақпандағы № 502 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. 2021 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы.
  4. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін мамандар лауазымдарының тізбесіне өзгерістерді келісу туралы;
  5. Мәслихаттың 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 356 «Қостанай облыстық мәслихатының және «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
  7. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мәселелері бойынша депутаттық тобын ұйымдастыру туралы.
  8. Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
  9. Мәслихаттың 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 365 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  10. Мәслихаттың 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 392 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  11. Мәслихаттың 2017 жылғы 16 тамыздағы № 181  «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  12. Мәслихаттың 2014 жылғы 04 сәуірдегі № 272 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  13. Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 238 «Қостанай облысын үдемелі индустриалдық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  14. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 қарашадағы № 330 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  15. Мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №104 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер.

 

Анықтама үшін телефон: 87142575600, 575601

 

Анықтама раетінде кіне. Анықтама мына жерде.

 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Осынау көктем күні біз сіздерге сезімталдықтарыңыз, түсіністіктеріңіз бен шыдамдылықтарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Қазіргі заманғы әйелдер, бұл ретте нәзік те сүйкімді қалыптарында қала отырып және жақындарын қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөлей отырып, ерлермен қатар өмірдің барлық салаларында табысқа жетуде. Бұл ер адамдарға кез-келген кедергілерге қарамастан алға жылжуға және жасампаздыққа мүмкіндік береді. Сіздердің арқаларыңызда үй, отбасы, балалар сияқты мәңгілік құндылықтар мызғымас болып қалады. Әрқашан біздің үйімізді сіздердің нәзіктіктеріңіз бен шексіз мейірімділіктеріңіз жылытып жүрсін.

Сіздерге көктемгі көңіл-күй, денсаулық, отбасылық бақыт, барлық бастамаларыңызға сәттілік, шаңырақтарыңызға бейбітшілік пен құт-береке тілеймін!

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                      С. Ещанов