Қостанай облыстық мәслихатының бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы хабарлама.

(Zoom режимінде)

 

2021 жылғы 11 наурызда сағат 15.00-де қашықтықтан режимінде Қостанай облыстық мәслихатының бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

  1. Отырыстың күн тәртібі:

Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2021 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы.

Мәслихаттың 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 365 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Мәслихаттың 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 392 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Мәслихаттың 2017 жылғы   16 тамыздағы № 181  «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Мәслихаттың 2014 жылғы 04 сәуірдегі № 272 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы   № 238 «Қостанай облысын үдемелі индустриалдық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Мәслихаттың 2014 жылғы 24 қарашадағы   № 330 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 104 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Анықтама үшін тел. : 8(7142) 534420

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында Қостанай облыстық мәслихатының депутаты      Г.К. Есеева пешпен жылытылатын және суды  тасып әкелетін саяжайда тұратын көпбалалы отбасына барды. Отбасында мектеп жасына дейінгі төрт бала бар. Депутат балаларға азық-түлік, тұрмыстық химия құралдары мен сыйлықтар сатып алуды ұйымдастырды. Г.К. Есееваның мұндай ықыласы мен жылы қарым-қатынасы үй отанасы мен бүкіл отбасы арасында жағымды эмоциялар мен ризашылықтарын тудырды.