Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Бүгінде Наурыз жаңа мәнге ие бола түсуде. Ол Қазақстанда тұратын барлық халықты ұлтына және дініне қарамастан біріктіретін мерекеге айналды. Оның адамдар арасындағы достықты нығайтудағы, дәстүрлерді жаңартудағы рөлі зор. Көктемнің өзімен бірге ала келген жылуымен және үмітімен бірге, күн мен түннің көктемгі  теңесуі біздің өмірімізге рухани жаңару, тұрмыстық қуаныш әкеледі, біздің жанымызды жылулық пен нұрға толтырады.

Жарқын Наурыз мейрамында сіздердің барлық армандарыңыз орындалып, барлық үміттеріңіз ақталсын! Сіздерге және жақындарыңызға бейбітшілік, береке, қуаныш, барлық жетістіктер тілейміз!

Құрметпен,

Қостанай облыстық   мәслихатының хатшысы                                                        С. Ещанов

 

Қазақстанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына құрметіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылатын «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталғаны белгілі.

Президент атаулы күн аясында ұйымдастырылған әрбір іс-шара нақты істермен байланысты болуы және елге пайда әкелуі тиіс екенін, ал әрбір отандасымыз өзінің күнделікті өмірінде Тәуелсіздіктің жетістіктерін сезінуі тиіс екенін атап өтті.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары одан шет қалған жоқ және «Қостанай облысының Параолимпиадалық спорт түрлері федерациясы» ҚБ-ға паранаүстелдік теннис спортшыларына кәсіби форма алуға қаржылай көмек көрсете отырып, игі істердің жалпыұлттық акциясына өз үлестерін қосты.

Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезекті сессиясы 31.03.2021 ж., сағат 11-00,  қашықтықтан режимінде өтеді. Сессия төрағасы: Утеулин Н.А. Анықтама үшін телефоны: 87142575600, 575604.

Күн тәртібінің жобасында келесі мәселелер:

  1. Іске асырылатын мемлекеттік бағдарламаларға жастардың қатысуы туралы және Қостанай облысында жастар үшін тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу жөніндегі пәрменді тетіктерді әзірлеу туралы.
  2.    Қостанай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы.
  3. Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.
  4. Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезекті ІІ сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.
  5. Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезекті ІІІ сессиясының күн тәртібі және оның төрағасын сайлау туралы.