2021 жылғы 25 наурызда сағат 17.00-де Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің ZOOM режимінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар және мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігін күшейту туралы» тақырыбында отырысы өтті.

Отырыс Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі  Көшкімбаева Зора Сексембайқызының төрайымдылығымен, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қоғамдық кеңестің отырысында Костанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысының, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметке кір келтіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтар жасалған: «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіліне «Qostanai – Adaldyq alany» жобалық кеңсесімен бірлесіп ұсынымдар әзірлеуге, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге ұсыныс жасады.

Бүгін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Жұрқабаев жастардың проблемалық мәселелерінің бірі – тұрғын үй сатып алу туралы айтты.

Проблемалық мәселенің шешімі ретінде басқарма басшысы жастар мен жас отбасыларға тұрғын үй сертификаттарын өтеусіз негізде беру жөніндегі өңірлік бағдарлама әзірлеуді ұсынды.

Бүгінгі таңда осындай жұмыс тәжірибесі Алматы қаласында «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Сондай-ақ,  Нұр-Сұлтан қаласында «Elorda Zhastary» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасын енгізу жоспарлануда.

Депутаттар бұл ұсынысты қолдады және мәслихат сессиясының қарауына енгізді.