2021 жылғы 30 наурызда Б.А. Тибеевтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының «Федоров ауданында «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу туралы» жоспарлы мәселені қарау жөніндегі отырысы өтті.
Комиссия жұмысына комиссия төрағасы Тибеев Б.А, облыстық мәслихат депутаттары: Жанбыршина К.С., Ихтиляпов М.У., Корчинский А.В., Муканов А.К., Нурхожаев Е.С.,, Федоров ауданы әкімінің орынбасары Сартов А.М., Федоров ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, Қостанай облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Таңжарықов Б.Қ. және Қостанай облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Кенжалы Ш.Қ., сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Тұрақты комиссияның отырысына барлығы 26 адам қатысты.
Отырыста баяндамашылардың ақпараттары тыңдалды. Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша Федоров ауданы әкімдігінің «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша оң жұмысын атап өтілді.
Депутаттар тиісті ұсынымдарымен қаулы шығарды.

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаты   Н.А. Утеулиннің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезекті II сессиясы өтті.

Сессия күн тәртібінің негізгі тақырыбы «Іске асырылатын мемлекеттік бағдарламаларға жастардың қатысуы туралы және Қостанай облысында жастар үшін тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу бойынша пәрменді тетіктерді әзірлеу туралы» жоспарлы мәселе болды.

Бүгінгі таңда тұрғын үй мәселелері жастар үшін айрықша өзекті. Осыған байланысты, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Жұрқабаев жастар мен жас отбасыларға тұрғын үй сертификаттарын өтеусіз негізде беру бойынша өңірлік бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Осы ұсынысты мәслихат депутаттары белсенді түрде қолдады, оның үстіне осындай бағдарламалар Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ сессия шеңберінде Қостанай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы мәслихат шешімінің жобасы бекітілді. Мәселен, біздің облыста денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, мәдениет, тау-кен өнеркәсібі және спорт саласындағы мамандар тұрғын үй сертификаттарына үміткер бола алады.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін айқындау мәселесі бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы          О.Ж. Нұрғалиев сөз сөйледі. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне Троебрат – Қостанай (ауданаралық (қалааралық, облысішілік) бағыты енгізілді.

Айта кету керек, барлық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында егжей-тегжейлі қаралды, онда облыс әкімдігі салалық басқармаларының баяндамалары тыңдалды.

Депутаттар ұсынылған барлық жобаларды бірауыздан қолдады.