Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Б.А. Тибеев Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жұмыс тобының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарау жөніндегі отырысына қатысты, онда мәслихаттың тұрақты комиссиясының мәслихаттар арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі ұсыныстары талқыланды.

 

 

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде А.Б. Жансугурованың төрайымдылығымен облыстық мәслихаттың білім, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспардан тыс отырысы өтті.

Оған облыстық мәслихат депутаттары, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, департаменттердің, облыстық басқармалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста «Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 2019-2020 оқу жылының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы» мәселе қаралды.

Осы мәселе бойынша «ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ басшысы        О.К. Қаппасов, жалпы облыс бойынша колледждерді бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналасқан және мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып шыққан түлектердің үлесі 74,6%-ті құрағанын, бұл 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаның жоспарлы мәнінен асып түсетінін атап өтті.

21 колледжде, оның ішінде 3-уі – жеке, жұмысқа орналасқандардың үлесі 64%-тен асады. Жұмысқа орналасудың ең жоғары көрсеткіші Қостанай автомобиль көлігі колледжінде – шамамен 94%.

Жұмысқа орналасқандардың ең төмен үлесі 40%-тен 49%-ке дейін мемлекеттік меншік нысанындағы 4 колледжде байқалады: Рудный музыкалық колледжі – 48%; Лисаков техникалық колледжі – 46%; Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі – 44% және облыс бойынша жұмысқа орналастырудың ең төмен көрсеткіші – Рудный құрылыс және көлік колледжінде – 43%.

Алайда, талқылау барысында мұның объективті себептері бар екені анықталды: колледж оқушылары жоғары оқу орындарына түседі, ер балаларды әскерге шақырады, қыздар декретке кетеді.

Сондай-ақ, сөз сөйлеуші өз баяндамасында түлектердің жұмысқа орналасуына әсер ететін колледждердің проблемаларын атап өтті.

ТжКОБКБ саласындағы проблемалардың бірі, оның айтуынша,  мамандықтардың, оның ішінде еңбек нарығында талап етілмеген мамандықтардың қайталануы.

Облыстың ТжКОБКББ-ның бірнеше ұйымдарында даярлау жүзеге асырылатын жекелеген мамандықтар мен біліктіліктердің қайталануы, еңбек нарығында осы мамандардың көбейіп кетуіне әкелуі мүмкін. Мысалға, «Заң кеңесшісі» біліктілігі бойынша. Сонымен қатар, заң кеңесшілерін даярлау қажеттілігі еңбек нарығында кадрларға қажеттілікпен анықталмайды, мұны осы біліктілік бойынша жұмысқа орналасқан күндізгі оқу нысанын бітірушілердің 60% құраған үлесінің көрсеткіші дәлелдейді. Сондай-ақ, кадрлар даярлау сапасын қамтамасыз етпейтін колледждердің ескірген материалдық-техникалық базасы да проблемалардың қатарына жатқызылды. Мамандардың айтуынша, көптеген жылдар бойы қымбат жабдықты сатып алу жүргізілген жоқ. Қорытындысында – білім алушылардың білімі практикалық дағдылармен және машықтармен нығайтылмайды.

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары А.С. Айсин 2019 жылғы түлектермен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмысқа орналасудың оң динамикасы (5%-ке жоғары) байқалатындығын, сондай-ақ республика көрсеткішінен 11%-ке жоғары екенін атап өтті.

ТжКОБКБ ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері білім басқармасының, облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында тұр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы) өзгерістер енгізуде, соның негізінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде түлектердің жұмысқа орналасуы ғана емес, олардың жұмыспен қамтылуы да ескерілетін болады.

Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.И. Жүсіпова өзінің Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжі үлгісінде колледж түлектерін жұмысқа орналастыру тиімділігін арттыру жолдарын атады.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар жұмысқа орналасқандардың үлесі төмен колледж директорларын тыңдады.

Барлық сөз сөйлеушілер жұмысқа орналастыру процентінің төмендігі жөнінен барлығына бірдей проблеманы атады – бұл оқушыларға оқуларын аяқтап шығуларына мүмкіндік берілмейтіндігі. Олар диплом алмай жатып әскерге шақырылушы болады. Бұл жұмысқа орналасу көрсеткішіне әсер етеді. Әскерден кейін олар енді оқу орындарына оралмайды. Сондай-ақ, көрсеткішке жоғары оқу орнында оқуын жалғастырған оқушылар кірмейді.

Мәслихат депутаттары барлық проблемалық мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар әзірледі және орталық мемлекеттік органдарға жіберді.

Жоспардан тыс отырыстың бастамашысы О.К. Қаппасов отырысты қорытындылау кезінде облыстық мәслихат депутаттарына және барлық қатысушыларға сындарлы әңгіме үшін алғысын білдірді және білім беру жүйесінің проблемалық өрісіндегі жағдайдың өзгеретіндігіне үмітінің барлығын білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдары бар қаулы қабылданды. Барлық мәселелерді депутаттар бақылауына алды.

 

 

Құрметті қостанайлықтар!

 

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні – ынтымақ, достық және келісім мерекесімен құттықтаймын!

Жыл сайын бұл мереке жаңа терең мазмұнмен толыға түсуде және ұлты мен діни сеніміне қарамастан, халқымыздың достығын, бірлігін паш етеді. Әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері біздің қасиетті жерімізді өз Отаны деп санайды. Халқымыздың барлық ұмтылысы бір. Бірлікті сақтау, дінаралық келісім мен бейбітшілікті нығайту ісіне өз үлесімізді қосу – әрқайсымыздың парызымыз. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз облысымыздың одан әрі дамуына жағдай жасай аламыз.

Мереке құтты болсын, қымбатты қостанайлықтар! Әр үйде бақыт, құт-береке, Отанымыздың игілігі және бейбіт өмір үшін жасампаз еңбек тілеймін!

         

Құрметпен, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы                                                          С. Ещанов

2021 жылғы 31 наурызда Ж.Е. Амантаевтың төрағалығымен ауылдық аумақтарды және аграрлық өндірісті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жоспарлы отырысы өтті. Күн тәртібінде «Ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілеттілікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде өңірде органикалық өнім өндірісін ұйымдастыру туралы» мәселе тұрды.

Депутаттар алдында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары С.Ә. Сағандықов сөз сөйледі. Ол біздің еліміз үшін экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі – ауыл шаруашылығын әртараптандыру жолдарының бірі екенін, оны іске асыру үшін көптеген шешілмеген проблемалар бар екенін түсіндірді.

Мәселелерді шешудің кейбір жолдары туралы депутаттар алдында «Органикалық егіншілік қауымдастығы» ЗТБ президенті В.В. Лопухин, «Азимут» ЖШС директоры, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары В.В. Хаданович, Федоров ауданының «Метелица» ШҚ және «Л.Н. Кузовая» ШҚ басшысы В.Н. Заверуха  сөз сөйледі.

Депутаттар талқылағаннан кейін отырыстың қорытындысы ұсынымдарымен бірге тиісті қаулының қабылдануы болды.

 

Қостанай облыстық мәслихаттың «Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына 2021 жылдың 13 сәуірдегі ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8049414 жарияланған.

2021 жылғы 28 сәуірде облыстық мәслихаттың депутаты                       К.С. Жанбыршинаның төрайымдылығымен Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар басшылары, Қостанай қаласының әкімдігі мен мәслихатының өкілдері қатысты.

Карантин шараларының ұзартылуына байланысты сессия әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциямен қашықтықтан режимінде өткізілді.

Қостанай қаласының қалалық және қала маңындағы маршруттарын әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне енгізу мәселесі бойынша Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Т. Қасымов сөз сөйледі. Өз баяндамасында       А.Т. Қасымов қалалық маршруттарға қызмет көрсету шығыстарының артуына орай жолаушылар тасымалының рентабельділігі төмендегенін, бұл көптеген маршруттардың жабылуына әкеліп соққанын хабардар етті. Бұл проблеманың алдын алу үшін кейіннен субсидиялай отырып, рентабельді емес маршруттарды әлеуметтік маңызы бар маршруттар деп тану қажет.

Депутаттар сессияға енгізілген шешімдердің барлық жобаларын бірауыздан қолдады.

Қостанай облысының қоғамдық кеңесі «Қоғамдық бақылау туралы » Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау» тақырыбына отырыс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Отырысты өткізу күні: 2021 жылғы 4 мамыр

Өтетін уақыты: 15.00

Өтетін орны: ZOOM арқылы

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде, сағат 11-00,  ZOOM режимінде  А.Б. Жансугурованың төрайымдылығымен облыстық мәслихаттың білім, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспардан тыс отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібі: Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 2019-2020 оқу жылының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы

 

Анықтама үшін телефон: 391678, 8 7022536113

2021 жылғы 26 сәуірде сағат 15.00-де  Қостанай облыстық мәслихатының әлеуметтік сала, жастармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясыныңотырысы өтеді.