Соғысқа қатысушылар мен ардагерлеріне құрмет көрсету,  сірә, ең қасиетті дәстүр. Біздің әрқайсымыз үшін 9 мамыр – ерекше мереке. Біздің ұрпақ 75 жылдан астам бейбіт аспан астында өмір сүріп, қалалар салып, егін жинап, бала өсіріп келеді.

Біз ұрыс даласында соғысқандардың алдында үлкен құрметпен басымызды иеміз.

Міне, бүгін Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Е. Ещанов Ұлы Отан соғысына қатысушы Қасымхан Алдабергенұлы Алдабергеновтың үйіне барып шықты.

Ұлы Отан соғысына қатысушысына денсаулық, ұзақ өмір және бейбіт аспан тілей отырып, гүл шоғы мен ақшалай конверт табыс етілді.

2021 жылы 4 мамырда «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылауға арналған Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныстар әзірледі, олар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің талқылауына жіберілді.

2021 жылы 4 мамырда сағат 15.00, ZOOM режимінде «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылауға арналған Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныстар әзірледі, олар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің талқылауына жіберілді.

Соғысқа қатысушылар мен ардагерлеріне құрмет көрсету,  сірә, ең қасиетті дәстүр. Біздің әрқайсымыз үшін 9 мамыр – ерекше мереке. Біздің ұрпақ 75 жылдан астам бейбіт аспан астында өмір сүріп, қалалар салып, егін жинап, бала өсіріп келеді.

Біз ұрыс даласында соғысқандардың алдында үлкен құрметпен басымызды иеміз.

Міне, бүгін Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Е. Ещанов Ұлы Отан соғысына қатысушы Қасымхан Алдабергенұлы Алдабергеновтың үйіне барып шықты.

Ұлы Отан соғысына қатысушысына денсаулық, ұзақ өмір және бейбіт аспан тілей отырып, гүл шоғы мен ақшалай конверт табыс етілді.

Ұлы Жеңіс мерекесімен және Отан қорғаушылар күнімен ең ыстық және шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Біз соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің теңдессіз ерлігіне, табандылығына, қайсарлығына, қажымас еркі мен өмірлік күшіне бас иеміз! Естен кетпес ерлік туралы қасиетті естелік барша қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады.

Біздің Отанымызды қорғаушылардың қазіргі ұрпағы Ұлы Отан соғысындағы жеңімпаздардың әскери дәстүрлерінің лайықты мұрагерлері және жалғастырушылары болып табылады.

Барша қостанайлықтарға ашық аспан, денсаулық, құт-береке және Отанымыздың гүлденуі жолында табыс тілеймін!

 

Құрметпен,

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                         С. Ещанов

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                                           

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы

Қосымша

Пояснительная гос

Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы 2021 жылдың 05мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=8549740

жарияланған.