«Қостанай облыстық мәслихатының  аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 66, 509-бөлме, анықтама телефоны: 8(7142)-575-600, 534-420 (факс), электронды мекенжайы: oblmaslihat@kostanayoblmaslihat.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды»:

«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, D-3 санаты, № 03-0-3-1, 1 бірлік лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 141576 теңгеден 191482 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Қостанай облыстық мәслихатының сессияларын дайындау және өткізу бойынша  жұмысына қатысады.

Басшылықтың тапсырмасы бойынша сессиялардың шешімдерінің жобаларын дайындығын қамтамасыз етеді.

Басшылықтың тапсырмасы бойынша  сессиялардың нормативтік құқықтық шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге  дайындауды жүзеге асырады.

Сессияның  нормативтік құқықтық шешімдерінің тіркелімін жүргізеді.

Сессияның  нормативтік құқықтық шешімдерінің тізбесін Қостанай облыстық мәслихатының  интернет-ресурсында  орналастыруды қамтамасыз етеді.

Мәслихат хатшысының негізгі қызметі, жеке құрам мен аппарат қызметкерлерінің іссапарлары  бойынша өкімдер дайындайды.

Аппарат қызметкерлерінің жұмыс уақыты есебінің табелін жүргізеді.

«Е-қызмет» мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесіне) жұмысты жүргізеді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау іс- шараларын уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді.

Облыстық мәслихаттың бюджет, өнеркәсіп және орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы (бұдан әрі – тұрақты комиссия) қызметтерін ұйымдастыру және басқа да қамтамасыз етулерді жүзеге асырады:

–  тұрақты комиссия жұмысын жоспарлауға көмек береді;

– тұрақты комиссия отырысын уақытылы өткізуді қамтамасыз етеді (тексеріс үшін мамандарды іріктеу, көлік проблемасын шешу, комиссияның көшпелі отырысын, көпшілік тыңдаулар өткізуге көмектесу, депуттаттардың комиссия отырысына қатысуы т.б.);

– тұрақты комиссия жұмысы үшін материалдар (анықтамалар, ақпараттар, есептер) жинайды, жаднамаларды, отырыстар жүргізу тәртібін құрастырады, қаулылар жобаларын әзірлейді, отырыс хаттамасын ресімдейді;

– сессия қарсаңында шешімдер жобаларын талдау және сол бойынша қорытынды шығару үшін комиссия отырысын ұйымдастырады;

– тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы материалдар жинайды,    іс номенклатурасына сәйкес тұрақты комиссияның құжаттары бойынша тиісті істі қалыптастырады, депутаттарды әдістемелік және басқа да қажетті әдебиеттермен жабдықтайды, тұрақты комиссия құжаттарын таралымға шығару және жіберуді бақылауды жүзеге асырады;

– тұрақты комиссия қаулысына сәйкес басқа мемлекеттік органдарға хаттар жібереді;

– тұрақты комиссияның алдағы уақытта қарауы үшін сессиялар хаттамалары, жарияланымдар, халықтың өтініштері және басқа деректемелер бойынша ескертулер мен ұсыныстар есебін жүргізеді;

– тұрақты комиссия жұмысы туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдары мен  мәслихаттың ресми интернет-ресурсында жариялау үшін уақытылы дайындайды және ұсынады.

Жалпы жинақ үшін тұрақты комиссия мүшелерінің депутаттық қызметі туралы жарты жылдық  ақпарат дайындайды.

Облыстық бюджетпен байланысты мәслихаттың шешімдерін әділет органдарында тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жіберуді қамтамасыз етеді.

Қостанай облысы Тексеру комиссиясымен байланыс жүргізеді, облыстық мәслихат хатшысын және депутаттарын тексеру комиссиясы жүргізген тексерулер қорытындылары бойынша материалдармен қамтамасыз етеді.

Облыстық мәслихат хатшысын және депутаттарын облыстық бюджеттің атқарылуы туралы сараптамалық материалдармен қамтамасыз етеді.

Бюджет мәселесіне қатысты мәслихат шешімдерін сканерлеуді және электрондық поштамен таратуды жүзеге асырады.

Бюджеттік комиссияның жұмысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарына және облыстық мәслихаттың ресми интернет-ресурсында жариялау үшін материалдар дайындайды.

Депутаттар, тұрақты комиссия мүшелеріне қатысты ақпаратты,  сондай-ақ– басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де ақпараттарды орналастыруды қамтамасыз етеді.

Басшылықтың тапсырмасы бойынша ЭҚАБЖ электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде құжаттаманы қабылдауды және жөнелтуді жүргізеді.

Басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі: Жоғары білім. Білім; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, гуманитарлық ғылымдар, қызметтер.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға бағдар беру және оны ақпараттандыру, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешімдер қабылдау, көшбасшылық.

Қазақстан Республикасының  Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарын, Қазақстан   Республикасы    Президентінің  2015 жылғы  29  желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары) білу, аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бектілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) негізінде өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, құжаттарын қолма-қол тәртіпте, электрондық почта oblmaslihat@kostanayoblmaslihat.gov.kz мекенжайына электронды түрде не болмаса «Е-gov» электронды Үкімет порталы және «Е-қызмет» ықпалдыстырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде – ішкі конкурсты өткізу жөніндегі соңғы хабарлама жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күнде тапсырады.

Құжаттарды электрондық түрде «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің электрондық поштасына ұсынған кезде олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын ұсынылады.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

 

21.08.2019 ж.

Қосымша