«Қостанай облыстық мәслихатының  аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 66, 509-бөлме, анықтама телефоны: 8(7142)-575-600, 534-420 (факс), электронды мекенжайы: oblmaslihat@kostanayoblmaslihat.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы (D-1 санаты), лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 182387 теңгеден 246515 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Аппаратта ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады.

Депутаттардың, тұрақты комиссиялардың, мәслихат хатшысының, облыс әкімінің, аудандық және қалалық мәслихаттардың ұсыныстары, мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттары негізінде мәслихаттың перспективалық (жылдық) жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді; оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Қостанай облыстық мәслихатының сессияларын (бұдан әрі – сессиялар) дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты, тұрақты, уақытша комиссиялар мен депутаттардың сессия дайындығына қатысуларын қамтамасыз етеді.

Облыстық мәслихат сессияларының шешімдерін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

«Депутат күнін», жария тыңдаулардың өткізілуін ұйымдастырады.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларына, саяси партиялардың мәслихаттағы депутаттық фракцияларына және депутаттық топтарға  әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

Облыстық сайлау комиссиясымен сайлау комиссияларын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау және олардың өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы  жөніндегі мәселелер бойынша байланысты жүзеге асырады.

Аппарат қызметкерлерінің мәслихат депутаттарының сайлауға қатысты бөлігін дайындауға және өткізуге қатысуларын қамтамасыз етеді.

Облыстық мәслихат депутаттарының семинарларын (оқуларын) өткізуді қамтамасыз етеді.

Қалалық, аудандық мәслихаттарға әдістемелік және практикалық көмекті ұйымдастырады.

Қалалық, аудандық мәслихаттардың хатшыларына кадрлар резервін іріктеуде, орналастыруда және дайындауда ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді.

Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен  байланысты жүзеге асырады.

Баспасөзбен байланысты жүзеге асырады, мәслихат пен оның депутаттарының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету жоспарларын әзірлейді.

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен байланысты жүзеге асырады.

Мәслихаттың интернет-ресурсының ақпараттық толықтырылуына бақылауды жүзеге асырады.

Аппаратта кадрлық жұмысты ұйымдастырады.

Мәслихат хатшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, қызметтер, ауыл шаруашылығы ғылымдары.

Жұмыс тәжірибесі төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-3, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1, санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған  «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызметететін облыс, республикалық маңызы бар астана, қала мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес,

жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда;

6) мемлекеттік органдар болып табылмайтын ұйымдардың басшы лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресскеорнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық,  ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Қазақстан Республикасының  Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республиксының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары,  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Құқықтық актілер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»,  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті  білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне электрондық түрде «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі немесе «E-gov» электрондық үкімет порталы арқылы не электрондық пошта мекенжайына oblmaslihat@kostanayoblmaslihat.gov.kz  ұсынады.

Құжаттарды электрондық түрде «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің электрондық поштасына ұсынған кезде олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын ұсынылады.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.