Депутаттар тұрғын үй сертификаттарын беру мәселесін алдын ала талқылады
5 наурызда облыстық мәслихаттың депутаты Гульмира Капенованың төрайымдылығымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Депутаттардың қарауына Қостанай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы мәслихат шешімінің жобасы ұсынылды. Тұрғын үй мәселелері тақырыбы бүгінгі күні өзекті болып қалуда және жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдардың едәуір бөлігін құрайды. Сондықтан бұл мәселені […]