Entries by Администратор

,

Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы

2021 жылы 4 мамырда сағат 15.00, ZOOM режимінде «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылауға арналған Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныстар әзірледі, олар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің талқылауына жіберілді.

,

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Қостанай облысының қоғамдық кеңесі «Қоғамдық бақылау туралы » Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау» тақырыбына отырыс өткізілетіні туралы хабарлайды. Отырысты өткізу күні: 2021 жылғы 4 мамыр Өтетін уақыты: 15.00 Өтетін орны: ZOOM арқылы

Қостанай облысының қоғамдық кеңесі хабарлайды

Қостанай облысының қоғамдық кеңесі «А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ, З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ басшылығымен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы»  мәселе бойынша қоғамдық тыңдау Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 118 Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің конференц-залында 2019 жылғы 11 қазанда сағат 15.00-де өтетінін хабарлайды.

ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІН ТАРАТУ

  Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде облыстың тәлімгерлер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бұл пилоттық және әзірше Республикадағы жалғыз жобасы. Жобаның негізгі мақсаты-қызметкерлердің қызметтік міндеттерін өз бетінше орындауға бейімделуі мен кәсіби дайындығы. Тәлімгерлер рөлінде Мемлекеттік қызмет ардагерлері Укин К. Ү., Дауенов М. Ю., Виишниченко В. Г., Харяков […]

Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті

2019 жылдың 20 қыркүйегінде облыстық мәслихаттың депутаты О. В. Даниленконың төрағалық етуімен Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.

2019 жылғы 11 қыркүйекте Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің қатысуымен тұрақты комиссияларының жоспардан тыс бірлескен отырысы өтті.

2019 жылғы 11 қыркүйекте Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің қатысуымен облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері және білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының жоспардан тыс бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысы К. К. Жаманбалин мен Т. Б. Булгацевичтің төрағалығымен өтті. Отырыс жұмысына […]

,

«Ұрпақтар сабақтастығы, тұрақтылық, бірлік, халықтың келісімі сақталады», – Сергей Жалыбин, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының басты басым бағыты-ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған бағытын жалғастырып келеді. Мен мұны құптаймын, өйткені сабақтастық, тұрақтылық, бірлік, халықтың келісімі сақталады. Менің ойымша, бұл ең маңызды. Ол экономиканы жаңғырту туралы айтады және бұндан мен серпіліс күтемін. Бұрын жарияланған жаңалықтарға қарамастан, экономикада ерекше табыстар жоқ. Біз шикізат қосымшасы болып […]

,

«Біз бәріміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тағатсыздана күттік» – Әсия Дуанбаева, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің хатшысы

Ағымдағы Жолдау ерекше, ол қыркүйек айында – жаңа оқу жылы басталған айда айтылды. Біздің бәріміз үшін де жыл белгілі бір дәрежеде – жаңа сынақтар мен жаңа үміттер жылы басталады. Өйткені біздің қоғам бұдан былай ашық, жетіле түсті.   Маған Жолдау нақты, нақты мәселелер анық белгіленгені, нақты міндеттер қойылғаны өте ұнады. Мен үшін жер мәселесі, «Ауыл-ел […]

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

29 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыста облыстың қалалары мен ауылдарының дамуына демеушілік қаражат салған танымал қостанайлықтар «Жомарт жүрек» арнайы сыйлығымен марапатталды. Бұл марапатқа «Алюминстрой» ЖШС бас директоры Мұқанов Абай Құспанұлы да ие болды. Сыйлықты Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов табыс етті Абай Құспанұлы Арқалықтың дамуына үлкен үлес қосып келеді. Оның есімі жол жөндеуімен, […]

Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының  кезектен тыс сессиясы өтті

2019 жылдың 2 қыркүйегінде облыстық мәслихаттың депутаты О. В. Даниленконың төрағалық етуімен Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С. Е. Ещанов, облыс әкімінің орынбасары М. Қ. Жүндібаев, қала әкімінің орынбасары Р. Х. Кәркенов, облыстық мәслихаттың депутаттары, бірқатар облыстық департаменттердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың, Облыстың Қоғамдық кеңесінің, бұқаралық ақпарат […]