Entries by Тех.поддержка

Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ЕСЕП

2019 жылғы 11 ақпанда Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының отырысы өтті.  Оның құрамына Қазақстанның екі Еңбек Ері – Сайран Бұқанов пен Борис Князев, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы , Қостанай облысының Құрметті азаматы Кенжебек Укин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Игорь Ким, сондай – ақ үкіметтік емес сектордың өкілдері, саяси партиялардың облыстық филиалдарының көшбасшылары, кәсіподақ белсенділері, […]

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі мен Қостанай қаласының Қоғамдық кеңесі арасында қоғамдық маңызды мәселелерді шешуде өзара іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қостанай қаласындағы учаскелік полиция инспекторларының жұмысы туралы

2019 жылғы 27 наурызда Қ. Қ. Жаманбалиннің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысы өтті, онда  «Қостанай қаласындағы учаскелік полиция инспекторларының жұмысы туралы» жоспарлы мәселе қаралды.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында Қостанай облысының жаңадан сайланған Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыру отырысы өтті. Отырысты Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов ашты. С. Е. Ещановтың ұсынысы бойынша бірауыздан Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып А. Ж. Тұрсынов сайланды. Сондай-ақ отырыста Қоғамдық кеңестің хатшысы болып А. М. Дуанбаева, комиссия төрағалары болып бюджет мәселелері бойынша – С. М. […]

Қостанай облысының қоғамдық кеңесі хабарлайды

Қостанай облысының қоғамдық кеңесі Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетовтың «Қостанай облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттер туралы» есебі бойынша қоғамдық тыңдаулар 2019 жылғы 22 ақпанда өтетінін хабарлайды. Өткізу орнына қатысты анықтама телефон бойынша: 8 (7142)534420

Қостанай облысы бойынша Қоғамдық кеңестер қалыптастырылды

А.ж. 5 ақпан күні Қостанай облысының Қоғамдық кеңесін  қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыста  Қостанай облысы Қоғамдық кеңес мүшелігіне  конкурсқа қатысу үшін келіп түскен өтінімдерді талқылау өтті. Қатысушылар алдында Жұмыс тобының төрағасы Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы сөз сөйлеп, Жұмыс тобына барлығы 29 ұсыныс  түсті (23 – коммерциялық емес ұйымдардан және 6 – өзін-өзі ұсыну) деп […]

Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің бірінші ұйымдастыру отырысы 2019 жылғы 11 ақпанда өтеді

«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ  Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің бірінші ұйымдастыру отырысы  2019 жылғы 11  ақпанда сағат 15.00-де мына мекен-жайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66-үйдің, 4-қабатындағы мәжіліс залында өтетінін хабарлайды. Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша: 575600, 575605