Entries by Тех.поддержка

2019 жылғы 5 ақпанда болатын кезектен тыс сессия туралы хабарлама

Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы (негізгі мәселе: Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы) 2019 жылғы 5 ақпанда сағат 11.00-де мына мекенжайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66-үйдің, 4-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

Қостанай облысы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының отырысы 2019 жылғы 5 ақпанда өтеді

ММ «Қостанай облысы мәслихатының аппараты» Қостанай облысы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының отырысы 2019 жылғы 5 ақпанда сағат 9.30 (уақыты нақтылануда) өтетіні туралы хабарлайды мына мекенжай бойынша: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66-үй, 509 кабинет. Тел 575600, 575605. Отырыстың күн тәртібі: Қостанай облысы Қоғамдық кеңес мүшелілігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылау; Қостанай облысының Қоғамдық […]

,

Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі

2019 жылғы 29  қаңтарда  сағат 11.00-де облыс әкімдігінің 4-қабатындағы мәжіліс залында Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің қорытынды отырысы өтеді. Күн  тәртібінде:
«Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі өз өкілеттігі кезеңіндегі қызметінің қорытындылары туралы» (2016-2018 жылдар).

Жұмыс тобын қалыптастыру бойынша отырыс 2019 жылғы 18 қаңтарда сағат 12.30-да

«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ Жұмыс тобын қалыптастыру бойынша отырыс 2019 жылғы 18 қаңтарда сағат 12.30-да мына мекенжай бойынша: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, мәжіліс залы, 4-қабатта өтетінін қосымша хабарлайды. Отырысқа кандидаттардың қатысуы міндетті түрде. Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша: 575600, 575605

Қостанай облыстық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 356 шешімімен Қостанай облысының сайлау комиссиясын құрды және олардың құрамын, сондай-ақ сайлау комиссиясының орналасқан жерін жариялайды.

Қостанай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша отырыс өткізу туралы хабарландыру

«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ 2019 жылғы 18 қаңтарда мекен-жайы: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, мәжіліс залы, 4-қабат, Жұмыс тобын  қалыптастыру жөнінде  ұсыныстар келіп түскен коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың, бақылаушыларды шақыра отырып, отырыс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Бақылаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2015  жылғы  31  желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгі ереженің (бұдан әрі – Үлгі ереже) 12-тармағына сәйкес, ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасынан байқаушылар қатыса алады.

Қостанай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгі ереженің (бұдан әрі-Үлгі ереже) 8-тармағына сәйкес «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ 2019 жылғы 8 қаңтардағы сағат 09.00-ден 2019 жылғы 14 қаңтардағы сағат 17.00-ге дейін Қостанай облысы бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі-Жұмыс тобы) құрамына кандидаттар бойынша құжаттар қабылдайды.

2018 жылғы 10 желтоқсанда болатын кезекті сессия туралы хабарлама

Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезекті  сессиясы (негізгі мәселе:  Қостанай облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы) 2018 жылғы 10  желтоқсанда сағат 11.00-де мына мекенжайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66, 8-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.  Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясы күн тәртібінің жобасы

Қостанай облыстық мәслихатының Қостанай облыстық сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты Қостанай облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды. Қостанай облыстық сайлау комиссиясы жеті адамнан құралады.