Қостанай облыстық мәслихатының бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы хабарлама.

(Zoom режимінде)

 

2021 жылғы 19 қаңтарда сағат 15.00-де қашықтықтан режимінде Қостанай облыстық мәслихатының бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

  1. Отырыстың күн тәртібі:

Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы.

Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Өңірлік көркемдік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.

«Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы түріндегі депутаттық бірлестікті тіркеу туралы.

Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 331 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

Анықтама үшін тел. : 8(7142) 534420

2021 жылғы 20 қаңтарда, БКБ режимінде Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібінің жобасында келесі мәселелер:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік көркемдік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы;
  3. Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 331 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамына өзгерістерді Қостанай облыстық мәслихатының сесииясына бекітуге енгізу туралы.

 

Анықтама үшін телефон: 87142575600, 575601.

сессия Костанайского областного маслихата. Онлайн трансляция Read more

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының            1-тармағына сәйкес, Қостанай облыстық сайлау комиссиясы төрағасының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 6 қаулысының негізінде Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының бірінші кезекті сессиясы 2021 жылғы    15 қаңтарда сағат 15-00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, мәжіліс залы, 8-қабат.

Күн тәртібінің жобасында келесі мәселелер:

1. Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының бірінші кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

  1.     Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының бірінші кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
  2. Қостанай облыстық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.
  3. Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы.
  4.   Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының құрамы туралы.
  5.   Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы.
  6.   Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының екінші кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

 

Анықтама үшін телефон: 87142575600, 575601.

 

Қостанай облыстық мәслихатының «Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы 2020 жылдың 21 желтоқсанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=6035722 жарияланған.

«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ 2020 жылғы 23 желтоқсанда сағат 11.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихатының жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысы өтетіні туралы хабарлайды.

Күн тәртібінде сұрақтар:   «2020 жылы облыстық мәслихаттың жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарылынған жұмысы туралы».

Анықтама үшін тел: 8(7142)391678.

 

Очередная 20-я сессия Костанайского областного маслихата шестого созыва Онлайн трансляция 11 декабря 2020 года в 15.00 часов Read more

1.Мәслихаттың 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. «Қостанай қаласында 50 метрге арналған бассейн құрылысы», «Қостанай қаласында 2500 көрерменге арналған Мұз айдыны сарайының құрылысы және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.
  2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  3. Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы еңбекақы бойынша берешекті өтеу мәселелері жөніндегі үйлестіру (дағдарысқа қарсы) штабының дербес құрамын бекіту туралы.
  4. Мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі № 176 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

2020 жылғы 9 желтоқсанда сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихатының бюджет, өнеркәсіп және шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының және Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтеді.

Негізгі мәселесі: 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы.

Телефон: 575600, 575603.

Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезекті сессиясы (негізгі мәселе: 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы) 2020 жылғы 11 желтоқсанда, сағат 15-00, Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66 мекенжайы бойынша өтеді (бейнеконференция режимінде).

Қосымша ақпарат «https://maslikhat.kostanay.gov.kz/» ресми интернет-ресурсында орналастырылған.