Ағымдағы жылғы 7 сәуірде облыстық мәслихаттың депутаты А.Б. Жансугурованың төрайымдылығымен облыстық мәслихаттың білім, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысы өтті, онда «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қостанай ауданындағы білім беру, мәдениет және спорт объектілерінің материалдық – техникалық жай-күйі туралы» мәселе қаралды.

Комиссия жұмысына Қостанай ауданы әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат хатшысы, облыстық басқармалар мен аудандық білім, мәдениет және спорт бөлімдерінің, Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының өкілдері, БАҚ қатысты.

Отырыста мемлекеттік органдардың өкілдері тұрақты комиссия мүшелерімен бірлесіп Қостанай ауданындағы білім беру, мәдениет және спорт объектілерінің материалдық – техникалық жай-күйі мәселесін белсенді түрде талқылады.

Күрделі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты өткен жыл қызметтің барлық салалары үшін оңай болған жоқ. Іс жүзінде барлығы өз жобаларын интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде іске асырды.

Қиындықтарға қарамастан, жалпы ауданда барлық алға қойылған міндеттерге қол жеткізу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Компьютерлік техниканың ескірген базасына, интернетке қолжетімділіктің болмауына, ауданның ауылдық округтеріндегі мектептерге балаларды тасымалдау үшін автобустар сатып алуға қатысты проблемалық мәселелер айтылды.  Сондай-ақ, мәдениет саласында сахналық костюмдерді жаңарту қажеттілігі бар.

Жеке құрылыс қарқынының кеңеюіне және Заречный ауылында оқушылар контингентінің ұлғаюына байланысты мемлекеттік тілде оқытатын мектеп салу қажеттігі туындады.

Аталған проблемалар шешуді талап етеді.

Барлық мәселелерді депутаттар бақылауына алды.

Бүгін Қостанай облыстық мәслихаттың депутаты Есеева Гайния  Алтынсарин ауданының Обаған ауылында азаматтарды қабылдады.

Азаматтардың өтініштері жастарды жұмысқа орналастыруға және тұрғын үй-коммуналдық саласына қатысты болды.

Мәселен, 2-топ мүгедегі Ә. Мейірханов ауылдағы жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін көтерді. Ол үшін түсініксіз мәселе: ЖОО студенттері неге туған ауылында практикадан өте алмайды? Оның пікірінше, оларды ынталандыру үшін, кем дегенде, практиканы ішінара төлеу керек.

Жоғары білім беру саласында жұмыс істейтін депутат Г.К. Есеева ЖОО-лардың жанында Түлектерді жұмысқа орналастыру орталықтары жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

 Обаған ауылына «Қандастар» бағдарламасы бойынша келген С. Алпысов бірнеше жылдан бері дүкенге көрші болып келеді. Мұндай көршілік төрт пәтерлі үйдің барлық тұрғындары үшін көптеген қолайсыздықтар тудырады.

Бұл мәселе қосымша уақытты қажет етеді, сондықтан бақылауға алу керек.

В.Бондарь  және басқа да ауыл тұрғындарын Победа көшесін жарықтандыру және жолын жөндеу мәселелері қызықтырды.

Барлық сұрақтарға ҚР заңнамасына сәйкес түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, ауданның тиісті мемлекеттік мекемелеріне сұрау салулар жолданатын болады.

2021 жылғы 30 наурызда Б.А. Тибеевтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының «Федоров ауданында «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу туралы» жоспарлы мәселені қарау жөніндегі отырысы өтті.
Комиссия жұмысына комиссия төрағасы Тибеев Б.А, облыстық мәслихат депутаттары: Жанбыршина К.С., Ихтиляпов М.У., Корчинский А.В., Муканов А.К., Нурхожаев Е.С.,, Федоров ауданы әкімінің орынбасары Сартов А.М., Федоров ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, Қостанай облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Таңжарықов Б.Қ. және Қостанай облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Кенжалы Ш.Қ., сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Тұрақты комиссияның отырысына барлығы 26 адам қатысты.
Отырыста баяндамашылардың ақпараттары тыңдалды. Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша Федоров ауданы әкімдігінің «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша оң жұмысын атап өтілді.
Депутаттар тиісті ұсынымдарымен қаулы шығарды.

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаты   Н.А. Утеулиннің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезекті II сессиясы өтті.

Сессия күн тәртібінің негізгі тақырыбы «Іске асырылатын мемлекеттік бағдарламаларға жастардың қатысуы туралы және Қостанай облысында жастар үшін тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу бойынша пәрменді тетіктерді әзірлеу туралы» жоспарлы мәселе болды.

Бүгінгі таңда тұрғын үй мәселелері жастар үшін айрықша өзекті. Осыған байланысты, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Жұрқабаев жастар мен жас отбасыларға тұрғын үй сертификаттарын өтеусіз негізде беру бойынша өңірлік бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Осы ұсынысты мәслихат депутаттары белсенді түрде қолдады, оның үстіне осындай бағдарламалар Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ сессия шеңберінде Қостанай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы мәслихат шешімінің жобасы бекітілді. Мәселен, біздің облыста денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, мәдениет, тау-кен өнеркәсібі және спорт саласындағы мамандар тұрғын үй сертификаттарына үміткер бола алады.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін айқындау мәселесі бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы          О.Ж. Нұрғалиев сөз сөйледі. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне Троебрат – Қостанай (ауданаралық (қалааралық, облысішілік) бағыты енгізілді.

Айта кету керек, барлық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында егжей-тегжейлі қаралды, онда облыс әкімдігі салалық басқармаларының баяндамалары тыңдалды.

Депутаттар ұсынылған барлық жобаларды бірауыздан қолдады.

Бүгін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Жұрқабаев жастардың проблемалық мәселелерінің бірі – тұрғын үй сатып алу туралы айтты.

Проблемалық мәселенің шешімі ретінде басқарма басшысы жастар мен жас отбасыларға тұрғын үй сертификаттарын өтеусіз негізде беру жөніндегі өңірлік бағдарлама әзірлеуді ұсынды.

Бүгінгі таңда осындай жұмыс тәжірибесі Алматы қаласында «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Сондай-ақ,  Нұр-Сұлтан қаласында «Elorda Zhastary» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасын енгізу жоспарлануда.

Депутаттар бұл ұсынысты қолдады және мәслихат сессиясының қарауына енгізді.

Қостанай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысының және Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» шешімінің жобасы 2021 жылы                19 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілерінің https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6789&type=2                     интернет-порталында жарияланған, Қостанай облысы әкімдігінің https://beta.egov.kz/memleket/entities/kostanay?lang=ru Қостанай облыстық мәслихатының https://maslikhat.kostanay.gov.kz/ru/home ресми интернет- ресурстарында және Қостанай облысы әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі https://www.instagram.com/p/CMmlrjHgWgK/?igshid=tl8udtbkoymb парақшасында орналастырылған.

реш и пост каз

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Бүгінде Наурыз жаңа мәнге ие бола түсуде. Ол Қазақстанда тұратын барлық халықты ұлтына және дініне қарамастан біріктіретін мерекеге айналды. Оның адамдар арасындағы достықты нығайтудағы, дәстүрлерді жаңартудағы рөлі зор. Көктемнің өзімен бірге ала келген жылуымен және үмітімен бірге, күн мен түннің көктемгі  теңесуі біздің өмірімізге рухани жаңару, тұрмыстық қуаныш әкеледі, біздің жанымызды жылулық пен нұрға толтырады.

Жарқын Наурыз мейрамында сіздердің барлық армандарыңыз орындалып, барлық үміттеріңіз ақталсын! Сіздерге және жақындарыңызға бейбітшілік, береке, қуаныш, барлық жетістіктер тілейміз!

Құрметпен,

Қостанай облыстық   мәслихатының хатшысы                                                        С. Ещанов

 

Қазақстанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына құрметіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылатын «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталғаны белгілі.

Президент атаулы күн аясында ұйымдастырылған әрбір іс-шара нақты істермен байланысты болуы және елге пайда әкелуі тиіс екенін, ал әрбір отандасымыз өзінің күнделікті өмірінде Тәуелсіздіктің жетістіктерін сезінуі тиіс екенін атап өтті.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары одан шет қалған жоқ және «Қостанай облысының Параолимпиадалық спорт түрлері федерациясы» ҚБ-ға паранаүстелдік теннис спортшыларына кәсіби форма алуға қаржылай көмек көрсете отырып, игі істердің жалпыұлттық акциясына өз үлестерін қосты.

2021 жылғы 12 наурызда облыстық мәслихаттың депутаты Н.А. Утеулиннің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.М. Спанов, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Сессияда барлығы 15 мәселе қаралды.
Карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты сессия қашықтықтан режимінде өткізілді, облыстың аудандары мен қалаларында тұратын облыстық мәслихат депутаттары сессияға қашықтан қатысты және ZOOM режиміне қосылды.
Күн тәртібінің негізгі: Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы мәселесі бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Г.Ғ. Мұсағазинаның баяндамасы тыңдалды.
Облыстық бюджетті нақтылаудың негізгі себебі облыстық бюджетті мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлу болып табылады.
Сессия барысында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдық айлықақылары, сондай-ақ жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2021 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері және консультативтік-кеңесші органдарға өзгерістер туралы мәселелер қаралды.
Депутаттар ұсынылған барлық жобаларды бірауыздан қолдады.

2021 жылғы 11 наурызда Қостанай қаласында Б.А. Тибеевтің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының және Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінің негізгі мәселесі: Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы. Комиссия отырысы қашықтықтан режимінде өтті. Отырыс жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқармалардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша негізгі баяндамашы ретінде Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г. Мұсағазина сөз сөйледі. Басқарма басшысы өз баяндамасында ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықтың бөлінуі туралы егжей-тегжейлі баяндады. Барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер алынды.
Отырыс барысында сондай-ақ жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2021 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері және консультативтік-кеңесші органдарына өзгерістер туралы мәселелер қаралды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелер облыстық мәслихат сессиясының қарауына және бекітуіне енгізілді.