2021 жылғы 31 наурызда Ж.Е. Амантаевтың төрағалығымен ауылдық аумақтарды және аграрлық өндірісті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жоспарлы отырысы өтті. Күн тәртібінде «Ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілеттілікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде өңірде органикалық өнім өндірісін ұйымдастыру туралы» мәселе тұрды.

Депутаттар алдында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары С.Ә. Сағандықов сөз сөйледі. Ол біздің еліміз үшін экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі – ауыл шаруашылығын әртараптандыру жолдарының бірі екенін, оны іске асыру үшін көптеген шешілмеген проблемалар бар екенін түсіндірді.

Мәселелерді шешудің кейбір жолдары туралы депутаттар алдында «Органикалық егіншілік қауымдастығы» ЗТБ президенті В.В. Лопухин, «Азимут» ЖШС директоры, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары В.В. Хаданович, Федоров ауданының «Метелица» ШҚ және «Л.Н. Кузовая» ШҚ басшысы В.Н. Заверуха  сөз сөйледі.

Депутаттар талқылағаннан кейін отырыстың қорытындысы ұсынымдарымен бірге тиісті қаулының қабылдануы болды.

 

Қостанай облыстық мәслихаттың «Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына 2021 жылдың 13 сәуірдегі ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8049414 жарияланған.

2021 жылғы 28 сәуірде облыстық мәслихаттың депутаты                       К.С. Жанбыршинаның төрайымдылығымен Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар басшылары, Қостанай қаласының әкімдігі мен мәслихатының өкілдері қатысты.

Карантин шараларының ұзартылуына байланысты сессия әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциямен қашықтықтан режимінде өткізілді.

Қостанай қаласының қалалық және қала маңындағы маршруттарын әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне енгізу мәселесі бойынша Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Т. Қасымов сөз сөйледі. Өз баяндамасында       А.Т. Қасымов қалалық маршруттарға қызмет көрсету шығыстарының артуына орай жолаушылар тасымалының рентабельділігі төмендегенін, бұл көптеген маршруттардың жабылуына әкеліп соққанын хабардар етті. Бұл проблеманың алдын алу үшін кейіннен субсидиялай отырып, рентабельді емес маршруттарды әлеуметтік маңызы бар маршруттар деп тану қажет.

Депутаттар сессияға енгізілген шешімдердің барлық жобаларын бірауыздан қолдады.

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде, сағат 11-00,  ZOOM режимінде  А.Б. Жансугурованың төрайымдылығымен облыстық мәслихаттың білім, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспардан тыс отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібі: Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 2019-2020 оқу жылының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы

 

Анықтама үшін телефон: 391678, 8 7022536113

2021 жылғы 26 сәуірде сағат 15.00-де  Қостанай облыстық мәслихатының әлеуметтік сала, жастармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясыныңотырысы өтеді.

                                                                                           

«Qostanai – Adaldyq Alaṅy» жобалық кеңсесінің қызметі туралы облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері алдында жобалық кеңсенің басшысы А. М. Әлжанова сөз сөйледі. Ол кеңсенің азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жұмысы туралы айтып, көптеген қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап берді.

Бұл жұмысқа аудандар мен қалалардың әкімдіктері, сондай-ақ облыстың мемлекеттік органдары мен ұйымдары белсенді түрде тартылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық және аудандық комиссияларда азаматтардың өзекті мәселелері көтеріледі. Кеңсе алаңында, «Көмек алаңы» фронт-офистерінде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Qostanai-Adaldyq Alaṅy» жобалық кеңсесі түпкілікті нәтижеге бағытталған және мемлекеттік билік органдары мен жұртшылықтың бірлескен жұмысының арқасында облыс халқының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің, адалдығы мен парасаттылығының деңгейі артады.

2021 жылғы 22 сәуірде Б.А. Тибеевтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен облыс әкімдігінің қаулысы мен облыс мәслихаты шешімінің жобасын қарау туралы»  жоспардан тыс мәселені қарау жөніндегі отырысы өтті. Мәселе Лисаков қаласы Красногор ауылының бағыныстылығын өзгертуге және Қамысты ауданының әкімшілік бағыныстылығына беруге қатысты болды. Бұл мәселені облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындар көтерді.

Мәселе мынада, Красногор ауылы Лисаков қаласының әкімшілік бағынысында, ал аумақтық жағынан Қамысты ауданының жерлерінде орналасқан, сол себепті тұрғындардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға, сондай-ақ кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға мүмкіндігі жоқ, бұл туралы Лисаков қаласының және Қамысты ауданының әкімдері баяндады.

Қала және аудан депутаттары, сондай-ақ ауыл тұрғындары ауылдың бағыныстылығын өзгерту мәселесін қолдады.

Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша бірлескен шешім мен қаулының жобасын Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының бекітуіне енгізу туралы қаулы шығарылды.

Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2021 жылғы 28 сәуірде сағат 11-00-де қашықтықтан режимінде өтеді.

Сессия төрайымы: Жанбыршина К.С.

Анықтама үшін телефон: 87142575600, 575604.

Күн тәртібінің жобасында келесі мәселелер:

  1. Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
  2.    Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Өңірлік экспорттаушылар кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.
  3. Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 331 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

.

Ағымдағы аптада облыстық мәслихаттың депутаты, «М.Дулатов ат. ҚИнЭУ» ЧУ кәсіпкерлік орталығының директоры Г.Есеева онлайн режимінде «Ауылдан келген ауыл жастары – диплом үшін» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ кәсіпорын басшылары, білім беру саласының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді жүргізуші тыңдаушыларға бағдарламаның өзін таныстырды және өндірістік практикадан өту, тұрғын үй және жұмысқа орналасу проблемаларын шешудегі басымдықтарды атап өтті.

Облыстық мәслихат депутаты, Қарасу ауданы Октябрьское ауылында тұратын «Жасыл кенті» ЖШС директоры Юрий Комаровтың пікірінше, ауыл өмірі жастардың әлеуметтік және кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Ауылдық аудандардың кадрлық әлеуетін еңбек ресурстарымен тек агроөнеркәсіп өндірісіне ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік салаға да қалыптастыру қажет.

Федоров аудандық мәслихатының депутаты С. Баймурзина ауыл кәсіпкерлерінің өз кадрларын оқытуға, бірақ кейіннен кәсіпорында жұмыс істете отыртып, мүдделі екендігіне, дегенмен бұл орайда, жоғары білікті маманнан айрылу қаупі бар екендігіне, өйткені жастардың тұрмыс деңгейінің төмендігіне байланысты ауылдан қалаға кетуі орын алып отырғанына назар аударды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарарлар қабылданды.