Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен  сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысының  2018 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы) 2019 жылғы 15 мамырда сағат 11.00 мына мекен-жайда: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 85-үйдің, 4-қабатындағы мәжіліс залында өтеді».

 

Қостанай облыстық мәслихатының кезектен сессиясы күн тәртібінің жобасы

  1. Қостанай облысының 2018 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы.
  2. Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Қостанай облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістердің келісуі туралы.
  4. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 қарашадағы № 330 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту жөніндегі өңірлі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы және мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Мәслихаттың 2006 жылғы 17 ақпандағы № 289 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 104 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы.
  8. Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезекті XIV сессия төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.
  9. Қостанай облыстық  мәслихатының кезекті XV сессиясының күн тәртібі және оның төрағасын сайлау туралы.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағыКодексінің 587-бабына, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерібекітілсін.

1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш шырындарын дайындау үшін;

2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін;

3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін;

4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін, ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіругепайдалану үшін.

  1. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Сессия төрағасы

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы

Приложение каз

Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің жобасы 2019 жылғы 9 мамырдағы ашық нормативтік құқықтық актілерініңинтернет порталында

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2346733жарияланған.

Бұл баспасөз релизі Қостанай облыстық мәслихатыныңресми интернет-ресурсында және «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында орналастырылған.

Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің жобасы 2019 жылғы 9 мамырдағы ашық нормативтік құқықтық актілерініңинтернет порталында

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2346733жарияланған.

Бұл баспасөз релизі Қостанай облыстық мәслихатыныңресми интернет-ресурсында және «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында орналастырылған.

Қостанай облыстық мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына 2019 жылдың 17 сәуірінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында hhttps://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2336925жарияланған.

2019 жылдың 10 сәуірінде Амангелді ауданында бюджет, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Комиссия жұмысына Амангелді ауданының әкімі А. Б. Асанов, Жангелдин, Науырзым аудандары, Арқалық қаласы әкімдерінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық мәслихат аппараты, Амангелді ауданының құрметті азаматтары мен белсенді жастары қатысты.

Отырыс аясында әлеуметтік нысандарды аралады: спорт алаңы, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға арналған 18 пәтерлік үй, 12 пәтерлік тұрғын үй, «Шұғыла» ресурстық орталығы, «Нұрай» тұрмыстық қызмет көрсету орталығы, А. Боранбаев атындағы мектеп интернаты, музыка мектебі.

Аудан әкімі Әмірхан Асанов іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған және қайта жаңғыртылған нысандарды, грантты қаржыландыру, шағын несие беру қаражаты есебінен бизнес-жобаларды жүзеге асыратын жастарды жұмыспен қамтуды көрсетті, сондай-ақ ауданның проблемалық мәселелерін белгіледі.

Қарасу ауылдық округінің «Кәусар және «Едрес» шаруа қожалықтары, олардың негізгі қызмет саласы – етті мал шаруашылығы, ірі қара мал өсіру. Аудан әкімі жемісті жұмыстары шағын, бірақ ұйымшыл ұжым туралы атап өтті.

Сондай-ақ көшпелі отырыс аясында Амангелді ауданының азаматтарын қабылдау өткізілді. Тұрғындар әлеуметтік мәселелерді көтерді: шөп шабу алқаптары үшін суды ұстап тұруға көмектесетін бөгеттердің қанағаттанғысыз жағдайы, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін 18 пәтерлі тұрғын үйді қайта құру қажеттілігі, Амангелді ауданының тұрғын үйлерін тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен несиелеудің жоқтығы, аудандық интернатқа күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі, аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасылардың балаларын оқытуға гранттық қолдау көрсету және тағы басқалар.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары Амангелді ауданы әкімінің мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылау жөніндегі мақсатты жұмысын атап өтіп, проблемалық мәселелер үшін тиісті депутаттық сауалдар рәсімделетін болады деп сендірді.

Отырыста ҚМУ ректоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Амангелді ауданының әкімі А. Б. Асанов, Жангелдин ауданының әкімі Ш. С. Оспановпен, Науырзым ауданының әкімі Т. Т. Карбозовпен, Арқалық қаласының әкімі Э. К. Күзенбаевпен көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына тегін оқу үшін 2 грант ректор грантын табыс етті.

Аудан басшылары мен ата-аналар қауымы дарынды жастарды қолдағаны үшін, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балаларға өмірге жолдама бергені үшін ректор Досжанова Алма Іргебаеваға үлкен алғыстарын білдірді.

 

2019 жылғы 9 сәуірде Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ерғазыұлы Ещанов «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Мәслихат хатшысына депутат ретінде төрт адам азық-түлікпен көмек көрсету және мүгедектер арбасын алу мәселелері бойынша көмек сұрады.

Депутатқа қайырымдылық көмек көрсету туралы өтініш білдірген жалғыз басты аналарға Светлана Акимовна Исаева мен Нина Юрьевна Пестреецоваға азық-түлік себеттері: қант, ұн, жарма, шай, май берілді. Н.Ю.  Пестрецова жұмыс істемейді, алты бала тәрбиелеуде. Ең кішісі 8 айлық.

Басқа ана С.Р. Исаеваның жағдайы оңай емес, жұмыс істей алмайды, өйткені 2-ші топтағы мүгедек баланы бағып отыр.

Келесі өтініш беруші Арқалық қаласынан 1-ші топ мүгедегі Сарин Серік Аманжолұлы болды. Ол мүгедектерге арналған арба сатып алуға көмек  сұрады.

Өтініш берушілердің барлық өтініштері оң шешім тапты.   Олар өз алғыстарын білдірді. Үйлеріне тамақ өнімдерін тасымалдау ұйымдастырылды.

Депутаттың қабылдауы іскерлік жағдайда өтті.

 

 

2019 жылғы 10 сәуірде сағат 11.00. Қостанайқаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 4 қабаттағы мәжіліс залы мекенжайы бойынша экономика, ауылды қаумақтарды және аграрлы қөндірісті дамыту мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысы өтеді. Отырыс тақырыбы: Агроөнеркәсіптік кешендегі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы.

Анықтама телефоны: 87142 575600, 575604

2019 жылғы 10 сәуірде сағат 12.00. Амангелді ауылы, Амангелді ауданы әкімдігінің ғимаратында облыстық мәслихаттың бюджет, өнеркәсіп және шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспардан тыс көшпелі отырысы өтеді. Отырыс тақырыбы: Амангелді ауданында өндірістік жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын дамыту.

Анықтама телефоны: 87142 575600,575603

Қостанай облыстық мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы  12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына 2019 жылдың 7 ақпанында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/list?&page=1&searchValue=20347 жарияланған.