2021 жылғы 25 наурызда сағат 17.00-де Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің ZOOM режимінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар және мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігін күшейту туралы» тақырыбында отырысы өтті.

Отырыс Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі  Көшкімбаева Зора Сексембайқызының төрайымдылығымен, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қоғамдық кеңестің отырысында Костанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысының, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметке кір келтіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтар жасалған: «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіліне «Qostanai – Adaldyq alany» жобалық кеңсесімен бірлесіп ұсынымдар әзірлеуге, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге ұсыныс жасады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде жұмысты жандандыру, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін, ашықтығы мен айқындығын арттыру мақсатында, Қостанай облысының қоғамдық кеңесі мемлекеттік органдардың өкілдерін тарта отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар және мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігін күшейту туралы» тақырыбына отырыс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Отырыстың өткізілетін күні: 2021 жылғы 25 наурыз

Өткізілетін уақыты: 17.00

Өткізілетін орны: ZOOM арқылы

2021 жылғы 25 ақпанда  қоғамдық кеңес мүшелері «Қостанай облысындағы табиғи монополиялар субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарықтардың тарифтерін қалыптастырудағы жұртшылықтың рөлі туралы» тақырыбына отырыс өткізді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы А.Ташпановтың Департамент жұмысының негізгі бағыттары, оның ішінде тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметі туралы баяндамасы тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органға тарифтерді қалыптастырудағы жұртшылықтың рөлін күшейту бойынша ұсынымдар жолданды. Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына осы бағыттағы жұмыс жөнінен Департаментпен бірлескен іс-шаралар енгізілді.

Бүгін «Қоғамдық бақылау туралы» ҚР заң жобасын талқылау және ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыс Қоғамдық кеңес мүшесі Татьяна Искандированың төрайымдылығымен өтті. Талқылау барысында отырысқа қатысушылар өздерінің ұсыныстарын білдірді. Мәселен,  Татьяна Искандирова білім беру саласындағы қоғамдық бақылаудың маңыздылығына назар аударды. Динара Өтебаева қаражатты жұмсау тиімділігі және мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарт талаптарын орындау сапасы бойынша қоғамдық бақылау мәселелерін қозғады.

Отырысқа қатысушылардың барлығы дерлік Алпысбай Әлімбаевтың қоғамдық бақылаудың кейбір нысандарын мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыру туралы жеке баппен толықтыру қажеттігі туралы пікірін қолдады. Айтылған ұсыныстар мен талқылаулардың қорытындысына Сергей Жалыбин түсініктеме берді. Сондай-ақ оларға қоғамдық бақылау рәсімі бойынша жеке тәртіппен толықтырулар ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданды.

Бүгін облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов бейнеконференция байланысы режимінде облыстың Қоғамдық кеңесінің алдында облыстың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп берді.

Өз сөзінде А. Мұхамбетов облыстың негізгі даму салалары туралы хабардар етті: өнеркәсіп өндірісі, өңдеу саласы, ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары мен тұрғын үйді іске қосудағы барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсімді атап өтті.

Ол коронавирустық пандемиямен байланысты жағдай туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, қиындықтарға қарамастан жағдайдың тұрақты болып қала беретіндігін атап өтті.

Ағымдағы жылғы маңызды міндеттердің ішінде облыс әкімі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің сапасын арттыру, жаңа инвестициялар тарту және облыс экономикасын дамытудың тұрақты динамикасын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті жандандыру бойынша әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын атап көрсетті.

Негізгі күш-жігер жұмыс орындарын сақтауға, өзін-өзі жұмыспен қамтуды ынталандыруға және осал топтарды қолдауға бағытталатынын айрықша атады.

 

2021 жылғы 19 қаңтарда Қостанай қаласында Б.А. Тибеевтің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының және Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінің мәселесі: «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы». Комиссия отырысы қашықтықтан режимінде өтті. Отырыс жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық басқармалардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша негізгі баяндамашы ретінде Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы  Г. Мұсағазина сөз сөйледі. Басқарма басшысы өз баяндамасында ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықтың бөлінуі туралы егжей-тегжейлі баяндады. Барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер алынды.

Отырыс барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдарындағы өзгерістерге, өңірлік көркемдік кеңестің дербес құрамын бекітуге және «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы түріндегі депутаттық бірлестікті тіркеуге байланысты мәселелер қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелер облыстық мәслихат сессиясының қарауына және бекітуіне енгізілді.

Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі отырысының 2021 жылғы         11 қаңтардағы хаттамасына сәйкес 2021 жылға арналған қоғамдық тыңдаулардың келесі тақырыптары мен мәселелер тізбесі анықталды:

  1. Қостанай облысындағы туақыттың ауысуы туралы.
  2. Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің «Қостанай облысының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы» есебі туралы (қоғамдық тыңдауларды өткізу 2021 жылғы 17 ақпанға жоспарланып отыр).
  3. «Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау (қоғамдық тыңдауларды нақтылаулардың енгізілуіне қарай өткізу).
  4. Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы (қоғамдық тыңдауларды өткізу 2021 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр).
  5. 2022 жылға арналған облыстық бюджет туралы (қоғамдық тыңдауларды өткізу 2021 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр).
  6. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары енгізілуіне қарай қаралады.

Қоғамдық тыңдауларға енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының барлық мәтіндері ашық нормативтік құқықтық актілердің ашық қолжетімділіктегі https://legalacts.egov.kz интернет-порталында орналастырылады (жарияланады).

Мүдделі жұртшылықтың ескертпелері және (немесе) ұсыныстары кері байланысы көрсетіле отырып 575601@mail.ru электрондық мекенжайында қабылданады.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу уақыты мен орны туралы мәліметтер қосымша орналастырылатын болады.

 

р/с

Сайлау округі Қабылдаушының

Т.А.Ә.

Қабылдау күндері мен сағаты
1 № 1 Абай Әбіл Е.А.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

18 наурыз

10 маусым

4 қыркүйек

4 желтоқсан

 

сағ. 10.00 – 11.00

2 № 26 Шортанды Ақышев С.С.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

13 наурыз

5 маусым

11 қыркүйек

9 желтоқсан

 

сағ. 10.00 – 11.00

3 №7 Южный Байғабелов А.У.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

22 қаңтар

15 сәуір

22 шілде

9 қазан

 

сағ. 10.00 – 11.00

4 №2 Байтұрсынов Булгацевич Т.Б.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

7 ақпан

27 мамыр

13 тамыз

11 қараша

 

сағ. 10.00 – 11.00

5 №6 Тоқыма Жаманбалин Қ.Қ.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

10 қаңтар

22 сәуір

15 шілде

14 қазан

 

сағ. 10.00 – 11.00

6 № 15 Завод

 

Дмитриева И.Н.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

19 ақпан

14 мамыр

7 тамыз

6 қараша

 

сағ. 10.00 – 11.00

7 №3 Уәлиханов Дощанова А.І.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

26 наурыз

24 маусым

16 қыркүйек

23 желтоқсан

 

сағ. 10.00 – 11.00

8 № 18 Алтынсарин

 

Ещанов С.Е.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

26 ақпан

20 мамыр

28 тамыз

18 қараша

 

сағ. 10.00 – 11.00

9 №27 жітіқара Қайыбжанов Е.Ж.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

14 ақпан

29 мамыр

26 тамыз

13 қараша

 

сағ. 10.00 – 11.00

10 №33 Заречный Капенова Г.А.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

11 наурыз

12 маусым

9 қыркүйек

3 желтоқсан

 

сағ. 10.00 – 11.00

11 №16 Алексеев Маишев Қ.А.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

15 қаңтар

8 сәуір

8 шілде

2 қазан

 

сағ. 10.00 – 11.00

12 № 4 Батыс Маратов Р.М.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

6 наурыз

17 маусым

23 қыркүйек

25 желтоқсан

 

сағ. 10.00 – 11.00

13 №31 Затобол Семейкин В.И.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

9 қаңтар

9 сәуір

3 шілде

8 қазан

 

сағ. 10.00 – 11.00

14 №8 Жастар Смышляева Е.В.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

17 қаңтар

10 сәуір

9 шілде

21 қазан

 

сағ. 10.00 – 11.00

15 №32 Мичурин Өтеулин Н.А.

Облыстық мәслихаттың депутаты

 

12 ақпан

13 мамыр

19 тамыз

25 қараша

 

сағ. 10.00 – 11.00

 

 

 

Қабылдау және алдын ала жазылу «Nur Otan»  партиясы

Қостанай облыстық филиалының Қоғамдық қабылдауында

мына мекенжай бойынша жүргізіледі:

 

Қостанай,  Гоголь көш.,  111-үй немесе

8 (7142) 39-22-82 телефоны бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық кеңес өз жұмысын 2019 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді.

Осы кезеңде 11 қоғамдық тыңдау, төралқаның 13 отырысы өткізілді, оларда  90 нормативтік-құқықтық акті қаралды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, бюджетке өзгерістер енгізу, бюджеттің атқарылуы туралы есепті облыстың қоғамдық кеңесі облыстық мәслихаттың бюджет, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясымен бірлесіп жүргізеді.

Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері міндетті түрде облыстық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады, сессиялардың, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына мәселелерді дайындау жөніндегі жұмысқа тартылады.

Тамыз айында қоғамдық тыңдауда «Қостанай қаласы Дружба тұрғын алабы тұрғындарының кейбір проблемалары туралы» жоспарлы мәселе тыңдалды. Талқылауға кент тұрғындары, ардагерлер ұйымының өкілдері, бастамашыл топтың мүшелері тартылды. Тұрғындар алдында Қостанай қаласы әкімінің орынбасары есеп берді.

Қазан айында қоғамдық тыңдауда студенттік кәсіподақтар, студенттік комитеттер, белсенді жастар тартыла отырып «А. Байтұрсынов ат. ҚМУ,                Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ,  З. Алдамжар ат. ҚӘТУ басшылығының  Елбасының студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауы туралы» жоспарлы мәселе тыңдалды.

Қарашада Мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесіп облыстық басқармалар басшылары орынбасарларының, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттары басшыларының, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметі басшыларының қатысуымен «Сервистік мемлекеттің тұжырымдамасы: мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі» тақырыбына арналған қоғамдық тыңдау өткізілді.

Желтоқсанда «ҚЖЭК-тің көрсетілетін қызметтерін төлеу жөніндегі жаңашылдықтарға байланысты жұртшылықтың алаңдауы туралы»  қоғамдық тыңдау болып өтті, онда Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының директоры А.У. Бекпағанбетов есеп берді.

Қоғамдық бақылау ретінде қазан айында Қоғамдық кеңес мүшелері Қостанай қаласының «Әуежай» ауданындағы жаңа № 29 орта мектебіне барып шықты.

Қарашада Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумы аясында мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей Федерациясы Свердлов облысының Қоғамдық палатасымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстарына белсенді қатысты.

10 желтоқсанда Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті, онда Қоғамдық кеңес мүшелері – төраға             А.Ж. Тұрсынов, бюджет мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы             С.М. Жалыбин, хатшы Ә.М. Дуанбаева Қоғамдық кеңес жүргізіп отырған жұмыстар туралы айтып берді.

Қоғамдық кеңестің барлық іс-шаралары электрондық және баспа БАҚ қызметкерлерін шақыра отырып өтеді. Облыстық мәслихаттың интернет-ресурсы белсенді қолданылады, онда тұрақты түрде хабарландырулар, жаңалықты материалдар орналастырылады.

Кеңес мүшелері дөңгелек үстелдер, кеңестер, жұмыс топтары жұмысына қатыса отырып Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалымен, мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастық қатынас орнатқан.

Евгений ШИБАРШИН

15 ноября 2019, 14:37 |  ЖКХ

Қостанай және Қостанай облысының қоғамдық кеңестері Дружба кенті тұрғындарының проблемалары бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізгенде 2019 жылдың тамыз айында № 18 «А» бағытындағы автобустардың санын ұлғайту ұсынысы.

– Біз де Қостанайда автобустардың 15 минуттық интервалмен жүргенін қалаймыз, – деді зейнеткер Александр ЧИКАЛОВ. – Осыған қол жеткізуге қанша жылдан бері умтылудамыз. Біз 2017 жылы тендер өткізетінін және тасымалдаушыларға біз үшін қажетті жағдайлар берілетінін әкімдіктен айтқан болатынбыз. Жүру уақыты  ең болмағанда жарты сағат болсын деп сұрағанбыз. Маған әкімнің м.а. қол қойған хатты алдым. Тендер аяқталғаннан кейін 30 минут аралықпен 6 машина қызмет көрсететін болады деп жазады.  Бірақ тендер кейін ештеңе жоқ. Бір уәде. Бірақ бұл Драужба тұрғындарының мәселесі ме? Маршрут қажет емес-тендерге қатыспаңыз! Рентабельді емес-бізге екі қабатты автобустың қажеті жоқ.

 

Қостанай облысының қоғамдық кеңесінде бір жағынан, адамдарға Дружбаға автобус рейстерінің маршруттағы автобустардың санын арттыру үшін жеткілікті жүктеме жоқ екенін, екінші жағынан Қостанай қаласы әкімінің м.а. олардың санын арттыруға уәде берді. Облыс әкімі Қайрат Ахметовке хат жолдады. Алайда, 6 қарашада Қоғамдық кеңес отырысында Сергей Жалыбин хабарлағандай, хатты қарау үшін заңнамамен белгіленген мерзім өтіп кеткен,бірақ жауап берілмеген.

Бұдан кейін Қостанай облысы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және Қостанай облысының тасымалдаушылар Ассоциациясы № 18 «А»маршруттағы жолаушылар жүктемесінің бірлескен тексеруін өткізу туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта қалалық мәслихат депутатын, тасымалдаушы кәсіпорын өкілдерін, қалалық және облыстық қоғамдық кеңестерді және журналистерді шақырды.

Комиссия бейсенбіде, 14 қарашада Дружба кентіне келген және Қостанайдың басқа аудандарына 40 минуттың аралығы арқылы келетін екі автобуста шыққан жолаушылардың санын санады.

12 сағатта Қостанайға шығатын автобус кентте орналасқан тоғыз аялдамадан жолаушылар жинағаннан кейін 26 адамды жинады. Жүргізуші Айрат ВАЛИЕВ мұндай жүктеме жиі болмайды дейді.

– Әдетте жолаушылар Красный партизаннан (Амангелді – ред.) Дружбаға  дейін шығындалған солярка ақысын төлеуге жетпейтіні сонша, – деп атап өтті Валиев. – Қазір маршрутта 3 автобус бар, аралығы 40 минут. Бұрын тырысты 4 автобус, аралығы 30 минут, және бірден жолаушылар саны менде азайды. Және онсыз менде рентабельділік төмен болды, сондықтан ол одан да төмендеді.

«Қостанайтуристсервис» ЖШС бас инженері Павел КРАСНОПЕРОВ, тасымалдаушы өкілі ретінде тексеруге қатысушы, бұл құлдырауды былай түсіндірді:

– Біз осы кентте тұратын адамдарды ғана тасымалдаймыз, сондықтан маршрутқа қанша автобус салмасақ, жолаушылардың жалпы саны мен жол жүру ақысын төлеуден түскен түсім өзгермейді. Бірақ, егер автобустарды көп қойса, жалпы шығындар ұлғаяды, ал әрбір автобуста табыстар, ал олармен – жүргізушілердің еңбек ақысы азаяды. Қозғалыс аралығы 30 минут болу үшін тағы 2 автобус қосу керек.

Келесі автобус қаладан 40 минуттан кейін келді. Жүргізуші Михаил МИХЕЕВ 12 адамды алып келді,ал салонда кентінен шыға берісте комиссия 14 жолаушыны есептеді.

– Соңғы уақытта жолаушылар саны азайған, – деді Михеев. – Көптеген адамдар қазір өз көліктерін пайдаланады. Бұрын біз 30 минут аралықпен жүргенде, салонда бар болғаны 3-4 адам болатын. Кешке біз бұл жерден бос шығамыз.

Қостанай облысы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрдәулет БЕЙСЕНОВ тексеру қорытындысы бойынша акт жасады. «НГ» сұрақтарына бұл есептер не үшін жасалғаны туралы жауап берді:

– Тамыз айында осындай тексеру жүргізілді. Сол кезде белгіленген интервалдар арқылы келген автобустарда ең көп жолаушылар саны 10 болды деп есептеді. Бүгінгі тексеру нәтижелерін бөлім басшылығына ұсынамыз, бұдан кейін тасымалдаушылармен бірге осы маршрутқа автобустарды қосу немесе бұрынғы санда қалдыру – шешілетін болады.

Әкімдік қызметкерінің айтуынша, бұл тексеру тасымалдаушыларға дотация бөлу немесе жол ақысын ұлғайту мәселесін шешуге шақырмаған. Оның айтуынша, қазіргі тариф есептік көрсеткіштерге сәйкес келмейді, бірақ бұл айырманы дотация арқылы өтеу мәселесін электрондық билеттеуді енгізгеннен кейін ғана шешуге болады.

– Қандай да бір маршрутқа дотация бөлу үшін онда қанша жолаушы тасымалданғанын, тасымалдаушылар жеңілдіктер беретін санаттар бойынша дәл сандарын білу керек,-деп мәлімдеді Бейсенов. – Бұл электрондық билеттеу арқылы ғана мүмкін.

Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Валентин ХАДАНОВИЧ әкімдік пен тасымалдаушылар Дружба кентінің тұрғындары автобус қызметінің сапасына қанағаттану үшін қандай да бір ымыраға келу керек деп санайды және тасымалдаушылар экономикалық себептер бойынша бұзылған жоқ деп санайды.

– Әзірге ең қарапайым жол бар – тасымалдаушылардың маршрут бойынша автобустардың қозғалыс кестесін қатаң сақтау, – деді ол. – Адамдар қыста автобус аялдамасында қатып қалмауы үшін, ұзақ күтусіз кетуге болатын дәл уақытты білулері қажет. Егер бұл кесте аялдамаларында ілінсе тіпті жақсы болады.

Ақпарат көзі: https://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=36756