Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 шешіміне (2020 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 320 490 407,1 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 3 473 480,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 2 018 643,5 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 36 050,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 314 962 233,6 мың теңге;
2) шығындар – 331 934 698,2 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 13 979 068,6 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер – 15 581 219,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 1 602 150,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 548 323,9 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 26 971 683,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 26 971 683,6 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1,2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов