Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезекті сессиясы 2019 жылғы 13 желтоқсанда сағат 11.00-де өтеді, мекенжайы бойынша: Қостанай қ., Тәуелсіздік даңғылы, 85, бұрынғы обл. филармонияның ғимараты, мәжіліс залы, 4 қабат. Күн тәртібінде келесі мәселелер:
- Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы.
- Қостанай облысының облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы.
- Қостанай облысында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы.
- Қостанай облысы Қостанай қаласының бас жоспарынның жобасын мақұлдау туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда).
- Қостанай облысы бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерлерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы.
- Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы №245 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы.
- Мәслихаттың 2017 жылғы 10 ақпандағы № 111 «Қостанай облысында іске асыру жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының кезекті XVIІ сессиясының күн тәртібі және оның төрағасын сайлау туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезекті XVI сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктерді орындау туралы есебі.
- Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2019 жылғы жұмыс қорытындылары туралы.