Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясы (негізгі мәселелер: Қостанай облысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы; Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының 2019 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі) 13 наурызда сағат 10.00-де Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, мәжіліс залы, 8-қабат мекенжайы бойынша өтеді. Күн тәртібінде келесі мәселелер:
- Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының 2019 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі.
- Қостанай облысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы.
- Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлем ставкаларын бекіту туралы.
- Мәслихаттың 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
- Қостанай облысы аумағының қала құрылысын жоспарлау кешенді схемасы.
- Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2006 жылғы 17 ақпандағы № 289 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 356 «Қостанай облыстық сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
9. Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезекті XVII сессиясы төрайымының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.
- Қостанай облыстық мәслихатының кезекті ХVІІI сессиясының күн тәртібі және оның төрағасын сайлау туралы.