Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2019 жылғы 20 қарашада сағат 10.00-де Қостанай қ., Әл-Фараби д-лы, 66, 8 қабатындағы мәжіліс залында өтеді. Күн тәртібінде келесі мәселелер:
- мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- мәслихаттың 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №100 «Қостанай облысының облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерді туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Рудный қаласындағы Н. Ф. Сандригайло көшесінде орналасқан 99 пәтерлік №59 тұрғын үйді қайта жаңарту» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы»;
- мәслихаттың 2018 жылғы 23 мамырдағы №279 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5) мәслихаттың 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 365 «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі Қостанай облысы әкімдігі жанындағы сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».