Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс  сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы) 2019 жылғы 15 сәуірде сағат 11.00 мына мекен-жайда: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 85-үйдің, 4-қабатындағы мәжіліс залында өтеді».

 

Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы күн тәртібінің жобасы

  1. Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесіне өзгерістерді келісу туралы.
  3. Мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №104 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.
  5. Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.
  6. Қостанай облысы шегінде 2019-2021 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы.
  7. Мәслихаттың 2017 жылғы 10 ақпандағы № 111 «Қостанай облысында іске асыру жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.