2020 жылдың 7 ақпанында Қостанай қаласында Г.А. Капенованың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспардан тыс отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселе: Жастар жылының іске асырылуы және өңірде қалыптасып отырған жастар саясатындағы проблемалар туралы.

Комиссия жұмысына Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының басшысы, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, облыс кәсіпорындарының басшылары мен өкілдері қатысты.

«Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Қ. Жұрқабаев өз баяндамасында 2019 жылды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылы деп жариялағанын атап өтті. Жыл бойы жастарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге және жастар бастамаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов өңірлік Жол картасын бекітті, ол жұмыстың басым бағыттарын анықтады: жастарды жұмыспен қамту, білім мен волонтерлікті дамыту, жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту, жас отбасы мен денсаулықты қолдау. Баяндамашы өңірдегі қалыптасып отырған мәселелерге ерекше назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, ұсыныстар берілді.