2020 жылғы 11 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаты           А.Ө. Байғабеловтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов, әкімнің орынбасары Е.М. Спанов, Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Қ.Қ. Жаманбалин, облыстық мәслихаттың депутаттары, аудандық(қалалық) мәслихаттардың хатшылары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Сессияда барлығы 7 мәселе қаралды.

Карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты сессия қашықтықтан өткізілді, облыстың аудандары мен қалаларында тұратын облыстық мәслихат депутаттары сессияға қашықтан қатысып, өздерінің сайлау округтерінің әкімдіктеріне бейне – конференц – байланыс режимінде қосылды.

Күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша: «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» және Қостанай облысы бойынша аумақтарды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Г.Ғ.Мұсағазинаның баяндамасы тыңдалды.

Айта кету керек, барлық мәселелер мәслихаттың бюджет, өнеркәсіп және шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы мен Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысында алдын ала қаралып, қолдау тапты.

Отырыс барысында депутаттар Г.А. Капенова, Н.А. Өтеулин және    И.Н. Дмитриева сұрақтар қойып, оларға жергілікті атқарушы органдар тиісті түсініктемелер берді.

Депутаттар сессияға енгізілген шешімдердің барлық жобаларын бірауыздан қолдады.