2020 жылғы 20 қарашада облыстық мәслихаттың депутаты               А.Ө. Байғабеловтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.М. Спанов, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Е. Ещанов, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Сессияда барлығы 3 мәселе қаралды.

Карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты сессия қашықтықтан режимінде өткізілді, облыстың аудандары мен қалаларында тұратын облыстық мәслихат депутаттары сессияға қашықтан қатысып, ZOOM режимінде қосылды.

Күн тәртібінің «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» негізгі мәселесі бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Г.Ғ. Мұсағазинаның баяндамасы тыңдалды. Бюджетті нақтылау бюджет заңнамасында тоқсанына бір реттен асырмай рұқсат етілген жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша жүргізіледі.

Облыстық бюджетті нақтылаудың негізгі себебі облыстық бюджетті мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлу болып табылады. Бұл қаражатты энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім, құрылыс, сәулет және қала құрылысы және ветеринария басқармаларына бірінші кезектегі шығыстарға бағыттау ұсынылады.

Сондай-ақ, сессияда облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдарға нақтылауға қатысты мәселе қаралды. Барлық өзгерістер кадрлық нақтылауларға байланысты жүргізіледі.

Депутаттар сессияға енгізілген шешімдердің барлық жобаларын бірауыздан қолдады.