Азаматтардың көптеген өтініштеріне байланысты 2020 жылғы             27 қарашада Г.А. Капенованың төрайымдылығымен «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң жобасын және оған ілеспе: отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және баланың құқықтарын қорғау бойынша заңдарды (бұдан әрі – Заң жобасы) талқылау бойынша Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының жоспардан тыс бірлескен отырысы өтті.

Карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты комиссия отырысы ZOOM режимінде өткізілді.

Комиссия жұмысына: Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағалары мен мүшелері, Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының өкілдері, адвокаттар алқасының, ювеналды соттың, ҮЕҰ, жергілікті полиция қызметінің, қорғаншылық органдарының, азаматтық қоғамның өкілдері, психологтар қатысты.

Өз сөзінің басында отырыстың төрайымы Г.А. Капенова Заң жобасын 2019 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенаты депутаттарының тобы әзірлегенін және қазіргі уақытта бұл Заң жобасын депутаттар, мемлекеттік органдар өкілдері мен сарапшылар, азаматтық белсенділер онлайн-режимде белсенді талқылап жатқанын атап өтті. Оның айналасында көптеген пікірталастар бар. Сондықтан осы Заң жобасының негізгі аспектілерін талқылау және жаңа заңнамалық бастамаларды қалыптастыру қажеттігі пісіп-жетілді.

Негізгі баяндама бойынша Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы К.С. Шармұхаметова сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол біздің қоғамның маңызды проблемаларының бірі тұрмыстық зорлық-зомбылық екенін атап өтті. Жылдан жылға құқық бұзушылықтар саны төмендемей отыр. Мәселен, 2019 жылы облыс соттары осы санаттағы 5737 істі, 2020 жылдың өткен кезеңінде 4407 істі қарады. Сондай-ақ, ол отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін факторларды, отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстарға тән белгілерді және оның пікірінше, назар аударылуы қажет бірқатар жағдайларды атап өтті. Жалпы, оның пікірінше, «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң жобасында, сөз жоқ, бірқатар прогрессивті нормалар бар.

Өз сөзін қорытындылай келе К.С. Шармұхаметова әрбір облыста Отбасы және балалар істері басқармаларын құру қажеттілігі туралы ұсыныс енгізді. Ұсыныс енгіздітттттттт

«Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстан қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Қостанай филиалының психологы     Н.Б. Косюк ЮНИСЕФ баяндамасынан фактілер келтірді. Сондай-ақ, ол заңнамада «дағдарыс орталықтары» деген ұғымының жоқтығын және бұл мәселені заңнамалық тұрғыдан реттеу қажеттілігі туындағанын атап өтті.

Өз баяндамасында Қостанай облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының аға инспекторы Р.Ж. Керімбаев бірінші кезекте, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың практикалық және заңнамалық қызмет салаларында күш-жігерін талап ететін проблемалық мәселелерді атап өтті.

Отырыс барысында Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрайымы Т.Б. Булгацевич, білім басқармасының басшысы З.Ә. Байменова және азаматтық белсенділер Д.М. Мамедов, И.Ю. Фогель, Ж.Ж. Абдрахманова аталған Заң жобасы бойынша өз пікірлерін білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша осы Заң жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдардан, заңгер-сарапшылардан және жұртшылық өкілдерінен құралған Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды, ол ұсыныстар Қазақстан Республикасының Парламентіне жіберіледі.