2020 жылдың 9 маусымында облыстық мәслихаттың депутаты             В.И. Семейкиннің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті (үзіліспен).

Сессия жұмысына Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы            С.Е. Ещанов, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Сессияда барлығы 5 мәселе қаралды. Сессия БКБ режимінде өтті.

Сессияда мына мәселелер қаралды: Қостанай облыстық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдарының құрамдарына   өзгерістер енгізу туралы.  Күн тәртібі бойынша – азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шара туралы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары А.Е. Мекебаева сөз сөйледі.

Баяндамада атап көрсетілгендей, 2010 жылдан бастап Қостанай облысының аумағында облыстық бюджет есебінен соғысқа қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдарға санаторий-курорттық емдеу түрінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. 2020 жылы 400 соғысқа қатысушы мен оларға теңестірілген адамдарға санаторий-курорттық емделуге облыстық бюджеттен 49,2 млн.теңге бөлінді.

Санаторий-курорттық емделуге жолдамалармен қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы бюджеттік бағдарлама әкімшісі Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жүзеге асырады.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін кеңейтуге қатысты мәселе бекітілді.

Депутаттар сессияға енгізілген барлық шешімдердің жобаларын бірауыздан қолдады.