2021 жылғы 11 наурызда Қостанай қаласында Б.А. Тибеевтің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының және Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінің негізгі мәселесі: Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы. Комиссия отырысы қашықтықтан режимінде өтті. Отырыс жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқармалардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша негізгі баяндамашы ретінде Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г. Мұсағазина сөз сөйледі. Басқарма басшысы өз баяндамасында ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықтың бөлінуі туралы егжей-тегжейлі баяндады. Барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер алынды.
Отырыс барысында сондай-ақ жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2021 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері және консультативтік-кеңесші органдарына өзгерістер туралы мәселелер қаралды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелер облыстық мәслихат сессиясының қарауына және бекітуіне енгізілді.