2021 жылғы 12 наурызда облыстық мәслихаттың депутаты Н.А. Утеулиннің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.М. Спанов, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Сессияда барлығы 15 мәселе қаралды.
Карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты сессия қашықтықтан режимінде өткізілді, облыстың аудандары мен қалаларында тұратын облыстық мәслихат депутаттары сессияға қашықтан қатысты және ZOOM режиміне қосылды.
Күн тәртібінің негізгі: Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы мәселесі бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Г.Ғ. Мұсағазинаның баяндамасы тыңдалды.
Облыстық бюджетті нақтылаудың негізгі себебі облыстық бюджетті мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлу болып табылады.
Сессия барысында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдық айлықақылары, сондай-ақ жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2021 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері және консультативтік-кеңесші органдарға өзгерістер туралы мәселелер қаралды.
Депутаттар ұсынылған барлық жобаларды бірауыздан қолдады.