Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы 30.10.2020 ж. сағат 10-00-де өтеді. Сессия Zoom режимінде өткізіледі. Сессия төрағасы: Байғабелов А.Ө.
Анықтама телефоны: 87142575600, 575601
Күн тәртібінің жобасында келесі мәселелер:
- Мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 474 «Қостанай облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 104 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Мәслихаттың 2006 жылғы 17 ақпандағы № 289 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.