Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында Қостанай облыстық мәслихатының депутаты      Г.К. Есеева пешпен жылытылатын және суды  тасып әкелетін саяжайда тұратын көпбалалы отбасына барды. Отбасында мектеп жасына дейінгі төрт бала бар. Депутат балаларға азық-түлік, тұрмыстық химия құралдары мен сыйлықтар сатып алуды ұйымдастырды. Г.К. Есееваның мұндай ықыласы мен жылы қарым-қатынасы үй отанасы мен бүкіл отбасы арасында жағымды эмоциялар мен ризашылықтарын тудырды.